Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Almaty Tourism Bureau әлемдік әуекомпанияларымен с...

Almaty Tourism Bureau әлемдік әуекомпанияларымен стратегиялық келісімдер жасасты

Барлығы 26.08.2025, 11:27 429
Almaty Tourism Bureau әлемдік әуекомпанияларымен стратегиялық келісімдер жасасты
visitalmaty.kz

Almaty Tourism Bureau Алматының туристік әлеуетін шетелде кеңінен таныстыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы бағытта жетекші халықаралық әуе компанияларымен стратегиялық келісімдер жасалып, «Visit Almaty» бренді цифрлық арналар, әлеуметтік желілер мен мультимедиялық платформалар арқылы ілгерілетілмек.

Алғашқы серіктестердің бірі – Air Astana. Әуе компаниясының ресми сайтында Алматы туралы ағылшын және корей тілдерінде жеке бет ашылып, онда Visit Almaty логотипі мен туристік бағыттар ұсынылды. Қыркүйектен бастап борттағы экрандарда қала туралы бейнероликтер күн сайын көрсетіледі. Бұған қоса, Tengri журналына Алматының туристік мүмкіндіктері туралы мақала жарияланды, ал компанияның Instagram парақшасында арнайы жазба дайындалып жатыр.

Ерекше назар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына аударылды. Куала-Лумпур мен Сингапурда AirAsia компаниясымен бірлесіп Visit Almaty логотипі бар билбордтар орнатылды. Бұл миллиондаған транзиттік жолаушылардың, әсіресе жастар мен жеке саяхатшылардың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Жақын уақытта басты серіктестердің бірі – Qatar Airways болмақ. Әуе компаниясы Алматыны ілгерілетуге 370 мың АҚШ долларын инвестициялайды. Компанияның ресми сайтында қала туралы ағылшын және араб тілдерінде ақпараттық беттер ашылып, науқан Катар, БАӘ және Сауд Арабиясы нарығын қамтиды. Бұл Алматының мәдениет пен табиғатты бағалайтын саяхатшылар үшін жаңа туристік бағыт ретіндегі мәртебесін арттырады.

Turkish Airlines-пен әріптестік Instagram желісіндегі Reels және Stories форматындағы авторлық контент арқылы Алматыны әлемдік аудиторияға танытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар NEOS Air компаниясымен 450 мыңнан астам жазылушысы бар базаға email-науқан жүргізу және әлеуметтік желілерде бірқатар жарияланымдар шығару жоспарланған.

Барлық серіктестік жобалар осы күзден бастап жүзеге асады. Әуе компанияларының цифрлық ресурстарын пайдалану «Visit Almaty» брендінің танымалдығын арттырып, Алматының халықаралық имиджін нығайтып, қалаға келетін туристер санын көбейтуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әуекомпания #Серіктестік #VisitAlmaty
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика