AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ТЖД: Өрттердің 95%-дан астамы электр жабдық...

Алматы ТЖД: Өрттердің 95%-дан астамы электр жабдықтарын пайдалану ережелерінің бұзылуымен байланысты

Әлеумет 24.01.2025, 11:28 783 dulatbekova
Алматы ТЖД: Өрттердің 95%-дан астамы электр жабдықтарын пайдалану ережелерінің бұзылуымен байланысты
Сурет: 70.mchs.gov.ru

Мегаполистегі өрттердің негізгі себептері – ақаулы пештер мен салғырттық.

Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, өрттің басты себебі – электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу. Екінші орында – жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау.

Тағы бір күрделі мәселе – улы газдан, табиғи газдан және пропан-бутаннан улану болып отыр. Өткен жылы улану салдарынан 15 адам зардап шеккен: олардың 6-уы улы газдан, 9-ы табиғи газ бен пропан-бутаннан уланған. Спикер мұндай оқиғалардың негізгі себептері ретінде қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештердің ақаулары мен пайдалану ережелерін елемеуді атап өтті. Мұржалар мен жиналған күйені уақытылы тазаламау – қауіптің маңызды факторы болып қала беруде. Бұл жылыту жүйелеріне тұрақты техникалық қызмет көрсету қажеттігін көрсетеді. 

Өрттердің басым бөлігі азаматтық қорғау органдарының тікелей бақылауынан тыс, жеке секторда тіркелген. «Сондықтан, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі профилактикалық іс-шаралары нақты осы саладағы өрттердің, қаза болғандар мен жарақаттардың санын азайтуға бағытталған», - деп атап өтті Константин Канин.

Өткен жылы профилактикалық іс-шаралар шеңберінде БАҚ-та 15 мыңнан астам материал, оның ішінде баспа басылымдарында 1 019 мақала, радиода 9 мыңға жуық  және әлеуметтік желілерде 4 354 жарияланым орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТЖД #электр жабдықтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);