ffin.kz

Алматы тауларында сел салдары жойылуда

Алматы тауларында  сел салдары жойылуда almaty-akshamy.kz

Алматы тауларында Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтауға себепкер болған сел қалдықтары жойылуда


Алматы өңіріндегі температураның көтерілуі Кішіалматы шатқалындағы таулы қар жамылғысының күрт ерітті, бұл өз кезегінде су деңгейінің күрт көтерілуіне, жағалаулардың шайылып кетуіне,селдің орын алуына, Жергілікті селдің орын алуыңа Кішіалматы шатқалындағы   тау өзеніндегі судың лайлануына әкелді.



Табиғи құбылыстан туындаған бастапқы судың лайлануының жоғары концентрациясы үшінші күні су тазарту станцияларында одан әрі су дайындау үшін қажетті су көлемін алуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде, әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде ауыз су беру қысымы төмендеп, шектелді.



«Осы шілдеде соңғы 8 жылда әдеттен тыс ыстық ауа-райы орын алды. Температураның жоғарылауына байланысты 12 күн бойы тауларда мұздықтардың белсенді еруі байқалады», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығының м.а. полковник Ерлан Әлібеков.




Алматы тауларында сел шығарындыларының салдары жойылады. ТЖД өзен арнасына жету үшін жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде.


«Сел ойығындағы таулы өзеннің жағалауларын нығайту (ұзындығы шамамен 8 км) биік тауларда болуына байланысты мүмкін емес. Жұмыстардың қол жетімділігі, беткейлердің тік болуы және инфрақұрылымның жоқтығы қиын болуда», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығының м.а. полковник Ерлан Әлібеков. Қазіргі уақытта Қазселденқорғаудың 8 инженерлік техникасы трактор автожолын (Тұйық Су мұздығы) эрозия салдарынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Сонымен қатар, Қазгидромет РМК деректеріне сәйкес, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі ағымдағы аптаның соңынан күтілуде. Ауа температурасының төмендеуі мұздықтардың еруін азайтуға көмектеседі, бұл жағдай судың сапасын жақсартады.


Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қалаға берілетін су көлемінің сапасы тұрақты зертханалық бақылауда. Бұл ретте соңғы күндері Медеу сүзгі станциясындағы лайлану деңгейі 600мг.дм3-тен (а.ж.22 шілдесі) 142мг. дм3-ке (а. ж. 24 шілдесі) дейін төмендеді, алайда таулы өзендердің арнасынан асуына байланысты лайлану концентрациясы қайтадан күшейе түсті. Күні бойы, ағымдағы жылдың 25 шілдеде лайлану 170-358мг. дм3 деңгейінде сақталады.



«Температура кестесі одан әрі төмендеген жағдайда мамандар бастапқы судың лайлану концентрациясының төмендеуін болжайды, бұл өз кезегінде аудан тұрғындары үшін су беруді одан әрі қалпына келтіруге алып келеді», - деді энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.




Әкімдік тұрғындарды суға қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша уақытша шаралар қабылдады. Тұрғындармен кездесу барысында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мен «Алматы Су» МКК бас директоры Ілияс Қазиев қысымды төмендету және су беруді уақытша шектеу бойынша жағдайды түсіндірді.



«Бүгін біз «Алматы Су» басшылығымен бірге Медеу ауданының оңтүстік бөлігінің тұрғындарымен кездестік. Тұрғындардың өтініші бойынша су таситын көліктердің саны ұлғайтылды (8 бірлікке дейін), биотуалеттер орнатылды, аталған мәселелер бойынша жедел желі ұйымдастырылды», - деді Е. Оразалин.



Су тасығыштар мен биотуалеттер бойынша өтінімдер мынадай нөмірлер бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94 (дәретханалар бойынша), + 7 707 776 47 72 (су таситын көліктер бойынша). Халықтың мұқтаждықтары үшін ауыз суды арнайы техникамен жеткізу ұйымдастырылды, өтінімдерді «Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметі келесі нөмірлер бойынша қабылдайды: 274-66-66, +7 777-852-91-01.



Анықтама:


«Алматы Су» МКК деректері бойынша қазіргі уақытта келесі мекенжайлар бойынша орналасқан тұтынушыларға су беру шектелген: Юбилейный, Тау Самал (Каменское плато), «ВИП әлем» коттедж қалашығы, «Европолис» ТК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.


Желілердегі су қысымының төмендеуі Қажы Мұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелерінде, «Көк Төбе», «Самал 1-3», «Таулы қырат» шағын аудандарында байқалады.



 


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51