конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы тауларында 2300 метр биіктікте қалып қойған...

Алматы тауларында 2300 метр биіктікте қалып қойған жұп аман-есен құтқарылды

Оқиға 15.05.2025, 16:50 781 Bakyt
Алматы тауларында 2300 метр биіктікте қалып қойған жұп аман-есен құтқарылды
ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы таулы аймақта тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Медеу бөгетінің сол жақ беткейінде, 2300 метр биіктікте төмен түсе алмай қалған жігіт пен қыз құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) алған шұғыл хабар бойынша, оқиға орнына дереу аттанған. Құтқарушылар арнайы таулы жабдықпен жарақтанып, биікке шығып, өздігінен төмен түсе алмаған жастарды сапалы техникалық әдістермен қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Абырой болғанда, ешқайсысы жарақат алмаған, медициналық көмек қажет болмаған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар көбіне тау жағдайындағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан туындайды. Тәжірибесі мен дайындығы жеткіліксіз адамдар күрделі маршруттарға шығып, өз өмірін қауіпке тігеді.

"Тауға шығар алдында физикалық жағдайыңызды, ауа райын, және бағыттың күрделілігін ескеріңіз. Жолсерікпен бірге шығу – ең дұрысы", – дейді РЖҚЖ мамандары.

2300 метр биіктікте қалып қойған жастардың аман-есен құтқарылуы – құтқарушылардың кәсібилігінің айғағы. Бұл оқиға барша тауға шығушылар үшін ескерту болуы тиіс: таудағы қауіпсіздік – салмақты дайындықты талап етеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Құтқарушы #Медеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);