Алматы тауларына қар түсті

Алматы тауларына қар түсті видеодан алынды

Бүгін қалада ауа райы күрт суытып, күні бойы жаңбыр жауды. Таулы аймақтарға қар түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының базалық бекеттерінде орнатылған бейнекамералар Богданович мұздығын қар басып қалғанын желіде көрсетті.

Іле Алатауының орта таулы және биік таулы аймақтарында, атап айтқанда, 2500 метрден жоғары биіктікте жауын-шашын түсті: жаңбыр бұрқасынға айналған. Синоптиктердің айтуынша, бұған солтүстік-батыстағы суық ауа мен атмосфералық фронт себеп болған.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған еді, сондай-ақ еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21