Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлап...

Алматы сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлап жатыр

Барлығы 12.09.2025, 11:22 467
Алматы сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлап жатыр
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы автомеханика колледжі «Көлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен пайдалану» бағыты бойынша мамандар даярлауда жетекші орынды иеленіп отыр.

 Бұл Қазақстанда жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары, ең сұранысқа ие бағыттың бірі. Білім басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында журналистерге осы колледжде мамандарды қалай даярлап жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Колледж түлектері еліміздің жетекші компанияларында — ірі автосервистер мен көлік кәсіпорындарында сәтті жұмыс істей бастады. Олардың көпшілігі  автокөлікке қатысты іс-шаралар мен көрмелерге қатысып, білікті механиктер, автоэлектриктер, автожөндеу шебері ретінде танылып жүр. Кейбірі өзінің жеке сервис станциясын ашып, табысты қызмет істеп, еліміздің автокөлік саласының дамуына үлес қосып жатыр.

«Алматы автомеханика колледжімен біз 20 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келе жатырмыз. Студенттер өте жақсы. Бірінші курс студенттерінің өзінде-ақ жақсы әлеует бар. Бізде тәжірибеден өтіп, колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа қалған жастар бар. Қазір бізде осындай бес маман жұмыс істеп жүр, және олар өзін жақсы жағынан көрсете білді», – дейді «СВС-ТРАНС» ЖШС сервис орталығының директоры Тайыр Нұрланов.

Колледжде модульдік-құзыреттілікке негізделген замандық оқыту әдісі  енгізіле бстады. Студенттер терең теориялық біліммен қатар, өндірістік оқу шеберханаларында және әлеуметтік серіктестермен бірге  практикадан өтіп, тәжірибе жинайды. Олар оқу барысында-ақ құнды тәжірибе жинақтап, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарға айналып жатыр.

«Мен бұл компанияда бір жылдан бері геометрист болып істеймін. Екі жыл осы кәсіпорында кәсіби тәжірибеден өттім, оған колледж себеп болды. Алғашында жай автомеханик болып істеп, кейін мені геометрист қылды. Колледжіме ризамын, жұмысым өзіме ұнайды» , – дейді Наиль Бабаев.

Колледждің ауыз толтырып айтарлықтай жетістігінің бірі – студенттердің WorldSkills қозғалысына қатысуы. Бұл олардың біліктілігін көрсетіп, даярлық сапасын дәлелдеуге мүмкіндік. Өңірлік чемпионаттарда колледж студенттері «Кузовты жөндеу» мен «Автокөлікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі орындарға ие болып жүр.  

Колледж мемлекеттік қолдаумен де қамтамасыз етілген: тегін тамақтану, стипендия және тәжірибеден өту кепілдігі бар. Мұның бәрі студенттерге оқуға толықтай көңіл бөліп, өз әлеуетін ашуға жағдай жасайды. 2025 жылдың қазан айында колледжде «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Құзыреттер орталығының салтанатты ашылуы өтеді. Бұл орталық Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту аясындағы қолдауының арқасында құрылып отыр.

Құзыреттер орталығы автосервис саласында жоғары білікті мамандар даярлауға арналған үлгілі алаңға айналып, сала талабына, сондай-ақ WorldSkills халықаралық стандарттарына сай келетін замандық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында жетекші компаниялардың инновациялық жабдықтары мен кәсіби құрал-жабдықтары орнатылған, бұл студенттерді оқытуға ғана емес, жұмыс істеп жүргендердің біліктілігін арттыруға да мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі бағыттарына автокөлікке күтім жасау мен детейлинг, сырлау және кузовтық жұмыстар, диагностика  мен техникалық қызмет көрсету, автожөндеудегі цифрлық технологияларды енгізу жатады.

Колледж оқытушылары Эстония, Латвия, Финляндия, Оңтүстік Корея мен Қытайда тағылымдамадан өтті. Бұл білім мен тәжірибе оқу барысына  әлемдік озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік беріп, мамандарды даярлау сапасын арттырады.

Құзыреттер орталығының құрылуы Алматылық автомеханикалық колледждің Қазақстандағы автокөлік саласына арналған білікті кадрларды даярлайтын жетекші оқу орны ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #техникалық мамандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика