Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы ресми түрде World Craft Сity мәртебесін алд...

Алматы ресми түрде World Craft Сity мәртебесін алды

Барлығы 07.10.2025, 10:20 498
Алматы ресми түрде World Craft Сity мәртебесін алды
сурет: Алматы қаласының Туризм басқармасы

Алматы - Қазақстандағы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі (World Crafts Council) World Craft Сity – «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» құрметті мәртебесін алған қала атанды. Бұл шешім мегаполистің мәдени мұраны сақтау, қолөнер дәстүрлерін дамыту және креативті экономиканы қолдау ісіндегі елеулі үлесін мойындаудың белгісі болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады.

Сертификатты табыстау салтанаты 5 қазан күні Алматыда өткен ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті. Фестивальге Қазақстаннан, Азиядан, Еуропадан, Австралия мен АҚШ-тан келген 100-ден астам шебер қатысты. Шара Орталық Азиядағы қолөнер саласындағы ең ірі мәдени алаңға айналды.

«Алматының World Craft City мәртебесін алуы – қаламыз үшін маңызды жетістік. Бұл атақ Алматының креативті индустриялар мен мәдени туризмнің орталығы ретіндегі халықаралық беделін арттырады. Сондай-ақ ол қолөнер дәстүрлерін әлемдік деңгейде насихаттауға, білім беру бағдарламаларын және шеберлерге арналған халықаралық резиденциялар жүйесін дамытуға, сондай-ақ қаланың экономикасына ықпалдасқан тұрақты қолөнер экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша президенті Джуд ван дер Мервенің айтуынша, Алматының бұл мәртебені иеленуі халықаралық мәдени ынтымақтастық пен шығармашылық индустриялардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Фестивальдің ерекше сәті – әлемдік рекордтың орнатылуы болды: қазақстандық күш атасы, төрт дүркін әлем рекордшысы және Гиннестің рекордтар кітабының иегері Сергей Цырульников небәрі бір минутта тоғыз ат тағасын майыстырып, алдыңғы әлемдік көрсеткіштен үш еседен астам асып түсті. Бұл жетістік ресми түрде Global Book of Records кітабында тіркелді.

Алматы Орталық Азиядағы туристік және мәдени орталық ретіндегі беделін нығайта түсуде: тек 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында қалаға 1,14 миллион турист келіп, оның 323 мыңы – шетелдік қонақтар болды.

World Craft City мәртебесінің берілуі мен ALA CRAFT 2025 фестивалінің өткізілуі мегаполистің креативті экономика мен мәдени туризмді дамытудағы көшбасшылығын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі