AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы қонақ үйлерінде орын жоқ

Алматы қонақ үйлерінде орын жоқ

Өмір-өзен 23.09.2022, 05:08 1,848
Алматы қонақ үйлерінде орын жоқ
Сурет: Тicketon.kz

Оның бірнеше себебі бар.


Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы қонақ үйлерінде орын жоқтығын жазып, мұның саяси астарын іздеуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Booking.com тұрғын жай брондау сайттарындағы хабарландыруларға сүйенсек, расымен қаладағы қонақ үйлерде орын жоқ.


Қонақ үй қызметкерлері соңғы күндері шетелдіктердің көбейгенін ғана айтып, өзге ақпараттармен бөлісе алмайтындарын алға тартты.


Желі қолданушылары мұны 21 қыркүйек Ресей Президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизация туралы заңға қол қоюымен байланыстыруда.


Бүгінде Қазақстан мен Ресей шекарасында адам қарасы да, көліктер саны да артқан. Мұны ҰҚК Шекара қызметі растады.


Қонақ үйлерге сұраныстың күрт артуының тағы бір себебі бар. 23 қыркүйек Алматыда Димаш Құдайбергеннің жеке кеші өтеді.


Қаланың туризм басқармасы да шетелдіктердің көптеп келе бастағаны туралы ақпаратты растады.



«Шетелдік туристердің ағылуына байланысты Алматы қонақ үйлерінде жұмыс көп. Олардың арасында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда концерт беретін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де бар», – деп хабарлады басқарма.



Концерттерге билет сататын сервистердің деректеріне сүйенсек, аталған кешке 50 елден келетін  туристерге 21 000-ға жуық жолдама сатылған.



«Бүгінгі күні Алматыда туристік ағынның артқанын да атап өтеміз. Жыл соңына дейін қалаға 300 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қонақ үй #орын #Димаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);