«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының Мәслихаты Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Алматы қаласы мәслихатының электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден Алматы қаласы мәслихатының талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Жұмыс тобының сандық құрамы: 9 (тоғыз) адам.
Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен (3 адамнан) аспауға тиіс.
Азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың (6 адам) ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Алматы қаласының мәслихаты.
Құжаттар 2025 жылғы 14 наурыздан бастап 2025 жылғы 20 наурызды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Мекен жайы: Алматы қ., Жароков көшесі, 215, 103 кабинет.
Электронды пошта: maslihat23@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 8 (727) 3382635.
Жұмыс режимі: «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» КММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Өтініш нысаны Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty).
|
Кімге _____________________
|
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________________________________
2) ______________________________________________________
3) ______________________________________________________
4) ______________________________________________________
5) ______________________________________________________
6) ______________________________________________________
7) ______________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________