AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Алматы Кеше 12:51 115
Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалы деректер ұсынады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1.    Инфляция

 

2024 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 103,1% деңгейінде қалыптасты (2025 жылғы 1 шілдеде – 7,7%).

Инфляция құрылымында азық – түлік тауарларына бағалар – 4,7%, азық-түлік емес тауарларға – 4,3%, ақылы қызметтерге - 5,8% өсті.

Алматы қ. бойынша тұтыну бағаларының индексі

 

2.    Валюталық нарық

2026 жылдың 1 шілдесіне қаладағы қолма-қол шетел валютасы нарығында 447 айырбас пункті жұмыс істеді, оның ішінде: банктердің айырбас пункттері - 238, ҚР Ұлттық Банкінен қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар - 201, «Казпочта» АҚ - 8.

2025 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда айырбас пункттерінің саны 3,2%-ға өсті (433-тен 447-ге дейін), банктердің айырбас пункттерінің саны 4,8%-ға (227-ден 238-ге дейін) және уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттерінің саны 1,5%-ға 198-ден 201-ге дейін өсті. Осы уақытта «Казпочта» АҚ айырбас пункттерінің саны өзгерген жоқ - 8.

2026 жылдың 1 жарты жылдығында теңге бағамының орташа салмақталған биржалық бағамы АҚШ долларына 469,15 – 507,64 теңге, еуроға 547,91 – 595,43 теңге, ресей рубліне 6,08 – 6,63 теңге, қытай юаніне 68,57 – 72,83 теңге аралығында болды.

Айырбас операцияларының көлемі 2026 жылдың 1 жарты жылдығында келесі валюталарды сатып алу және сатуды көрсетті:

АҚШ доллары – 88,1% және 101,9% және тиісінше 836,1 млн. доллар және 1355,4 млн. долларды құрады;

еуро – 72,9% және 79,7% және тиісінше 47,1 млн. еуро және 98,8 млн. еуроны құрады;

 ресей рублі – 121,8% және 104,1% және тиісінше 13 042,1 млн. рубль және 7 273,1 млн. рубльді құрады;

 қытай юаны – 128,3% және 123,7% және тиісінше 96,4 млн. юань және 93,3 млн. юаньды құрады.

3.    Депозит нарығы

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы 23 екінші деңгейдегі банкпен ұсынылған, оның ішінде 21-і Алматы қаласында.

Екінші деңгейдегі банктердегі резиденттердің депозиттерінің көлемі 2026 жылдың 1 жарты жылдығында 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға өсіп, 13 917,3 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 17,1%-ға өсіп, 4 267,4 млрд. теңгеге жетті, жеке тұлғалардың депозиттері 11,1%-ға өсіп, 9 649,9 млрд. теңгеге жетті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 14,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер 6,7%-ға өсті.

Жеке тұлғалардың депозиттері депозиттердің жалпы көлемінің 69,3%-ын құрайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 76,2%-ды құрады, 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 74,9% болған.

4.    Кредит нарығы

Алматы қаласының банктері экономиканы кредит беру көлемі 2026 жылдың 1 жарты жылдығында 16 728,3 млрд. теңге болды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 12,4%-ға артық.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 6,7%-ға өсіп, 13 376,8 млрд. теңге болды.

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 42,3%-ға өсіп, 3 405,5 млрд. теңге болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 17,8%-ға 13 612,4 млрд. теңгеге дейін өсті, осы ретте қысқа мерзімді кредиттер көлемі 6,1%-ға 3 169,9 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Шағын кəсіпкерлік субъектілерін кредит беру 27,4%-ға өсіп, 3 558,3 млрд. теңге болды (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 21,2%-ы).

Кредит берудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркəсіпте басым бағыттарды сақтады: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 28,5% жəне 12,2%; ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 3,6% жəне 4,9%, тиісінше.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы: Тоқаевтың атынан түрлі кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Бүгін 15:48

«Таза Қазақстан»: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін 15:33

Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді

Бүгін 15:06

Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Бүгін 13:20

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Бүгін 13:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);