AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Медеу ауданында 8 жаңа жоба 5 мың...

Алматы қаласының Медеу ауданында 8 жаңа жоба 5 мың жаңа оқушы орнын қамтамасыз етеді

Әлеумет 14.12.2023, 04:48 937
Алматы қаласының Медеу ауданында 8 жаңа жоба 5 мың жаңа оқушы орнын қамтамасыз етеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Медеу ауданында оқушы орнының тапшылығын төмендету үшін 8 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы РСК брифингінде аудан әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Бүгінде мектеп орындарының тапшылығы 3 461 орынды құрайды. Жаңа жобалар 5 мың жаңа орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қосымша құрылыстар салу және сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу. Тамыз айында №35 мектепке 300 орынды және №99 мектепке 250 орынды жапсарлас 2-ші ЖСҚ бойынша сараптама қорытындылары алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2024 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған», - деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.




Сондай-ақ, оның айтуынша, тамыз айында №48 мектепті 250 орындға кеңейту мен қайта жаңарту, ал №131 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Ал желтоқсан айында аудан әкімдігі №131 және №168 мектептерге бастауыш сыныптар үшін қосымша құрылыс салуға арналған екі ЖСҚ бойынша әрқайсысы 300 орынды сараптама қорытындысын алады деп күтеді. Бұдан басқа, №33, 161 және 17 мектептерді сейсмикалық күшейте отырып, қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде.



«№33 мектеп бойынша тамыз айында сараптама алынды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – 2024 жылдың 1 тоқсаны. №161 және №17 мектептер бойынша мемлекеттік сараптама нәтижелерін ақпан айында және 2024 жылдың 2 тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуын күтеміз. Сондай-ақ, Құлжа трактінің оңтүстігіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Ал жеке инвесторлардың қаражаты есебінен шағын ауданда 1500 орынды екі мектеп салу жоспарланған. «Думанда» 1200 орынды және Халиуллин көшесі, 140 мекен жайында 300 орынды. 3 жобаны іске асыру мерзімі — 2024 жыл.  Ал 2024 жылдың қаңтар айында 260 орынды «Ikigai School» жекеменшік мектебінің спортзалының құрылысы аяқталады», - деді Медеу ауданының әкімі




Сонымен қатар, оның айтуынша, Бөгенбай батыр көшесі, 42 мекен-жайында №29 мектеп үшін 300 орынды қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу рәсімдері жүргізілуде.


Ол Медеу ауданында 450 орынды 9 жаңа балабақша ашылып, жыл соңына дейін 1 балабақша ашылатынын атап өтті. Сонымен қатар, №195 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика