AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы қаласының клиникасында омыртқаға метастаз б...

Алматы қаласының клиникасында омыртқаға метастаз берген науқасқа аса күрделі ота жасалды

Медицина 22.01.2026, 18:09 342
Алматы қаласының клиникасында омыртқаға метастаз берген науқасқа аса күрделі ота жасалды
сурет: автордан

Алматы қаласы  №7 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері онкологиялық ауруы бар, омыртқаға зақым келтірген және ауыр неврологиялық жетіспеушілік қаупі болған науқасқа жоғары технологиялық операцияны сәтті жасады.

51 жастағы науқас омыртқаның кеуде бөлігіндегі қатты ауырсыну және аяқтарының жансыздану шағымдарымен емделуге жатқызылған. Тескеру барысында омыртқаның метастазды көлемді түзілісі – бүйрек үсті безінің қатерлі ісігінің екінші ошағы диагнозы қойылды. Пайда болған ісік жұлынды қысып, науқастың сал болып қалу қаупін  тудырған.

Патология омыртқаның жоғарғы кеуде бөлігінде орналасқан – бұл анатомиялық жағынан күрделі және  ағзадағы өте функционалдық маңызды аумақ, бұл аумаққа  кез келген хирургиялық араласу жұлын мен оның өткізгіш жолдарына зақым келтіру қаупін арттырады.

Аса күрделі, бірегей операцияны жасаған №7 қалалық клиникалық аурухананың директордың ұйымдастыру әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор   Марат Амангелді Алиевтің айтуынша, хирургиялық емдеу кешенді және көп кезеңді сипатта болды және бір операция шеңберінде  жасалды.

«Бірінші кезеңде біз жұлынды ісіктен босату мақсатында омыртқаның ламинэктомиясын жасалды. Содан кейін, операциялық микроскопты қолданып, жұлынның көлемді ісігін микрохирургиялық жолмен алдық. Араласудың негізгі элементі интраоперациялық нейрофизиологиялық мониторингті пайдалану болды, ол нақты уақыт режимінде жұлынның функционалдық жағдайын бақылауға және неврологиялық асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік берді. Омыртқаның зақымдануын және омыртқаның тірек функциясының бұзылуын ескере отырып, келесі кезеңде транспедикулярлы фиксация әдісімен омыртқа сегментін тұрақтандыру жүргізілді. Омыртқаның беріктігі мен көтергіш қабілетін қалпына келтіру үшін вертебропластика жасалды", - деп атап өтті профессор Марат Алиев.

Операция қорытындысы бойынша оң клиникалық-функционалдық нәтижеге қол жеткізілді. Операциядан кейінгі кезең асқынуларсыз өтті.

Пациенттің жағдайы айтарлықтай жақсарды, жұлынға түскен қысым жойылды, ауырсыну сезімдері едәуір азайды, сезімталдық қалпына келтірілді. Қозғалыс сақталған, жүйке жүйесі жағынан нашарлау белігелері жоқ.

Қайталап  тексеру нәижелерінен операцияның сәтті өткенін көруге болады: омыртқа нық бекітілген, барлық элементтер дұрыс орналасқан, тұрақтылықтың қайта бұзылуы немесе  омыртқа  буынтықтарының ығысуы белгілері анықталмады.

Осылай  жоғары кәсіби деңгейде  жасалған хирургиялық емдеу өмірге қауіпті жағдайды жойып қана қоймай, омыртқаның тұрақтылығын қалпына келтірді, бұл пациенттің   қимыл-қозғалысына   және одан әрі ерте оңалуына жағдай жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика