AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысы...

Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатын болады

Әлеумет 17.07.2023, 07:05 927
Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатын болады
Сурет: Geobro.kz

Алматы қаласының білім басқармасы балалардың жазғы демалысының сәйкес келмейтін жағдайлары туралы түсініктеме берді.


Қызмет көрсетушіге, «БелРичи» ЖШС компаниясына қатысты жауапсыз жеткізуші деп тану және мемлекеттік сатып алуға қатысуға одан әрі тыйым салу туралы талап-арыз дайындалуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Басқармада қызмет көрсетушінің мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық ережелеріне толық сәйкес келген жағдайда анықталғаны түсіндірілді. 


Мәселен, 13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру туралы шарт жасалды, 15 шілдеде білім басқармасының қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі келді. Тиісті талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйлеріне апару процесі шұғыл түрде басталды. Қазіргі уақытта лагерьде балалар жоқ. Жақын арада олар мектеп оқушылары демалған кезде ережелер қатаң сақталатын лагерьлерге жіберілетін болады. 


Қызмет көрсетушімен ағымдағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды. 


Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қоғамдастығының, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында барлық қала сыртындағы лагерьлер тексеріледі. Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы үнемі есеп береді.


Бұған дейін балаларын лагерге жіберген алматылық ата-аналар оқушылардың қандай орынға жайғастырылғанын көріп, жаға ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Себебі Алматыда балалардың жазғы лагері сауна аумағында орналасқан болып шықты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жазғы демалыс #лагерь #соттасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика