AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушылары...

Алматы қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушылары ақысыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі

Барлығы 05.06.2025, 09:59 577 Дина
Алматы қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушылары ақысыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі
Сурет: depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №418-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу Ережесі бекітілді.

Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары сапалы кескін мен дыбысты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арналар мен бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Ескі үлгідегі  сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, мысалы, ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қатты желде жоғалып кетуі мүмкін. Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары қорғаныс деңгейіне және сигнал сапасына ие, ол ұзақ қашықтықта қабылданады. Енді аналогтық хабар тарату бір таратқыш – бір арна принцип бойынша жұмыс істейді, ал цифрлық телекөрсетілімде көптеген арналарды таратуға мүмкіндік береді.

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік приставкалармен (17.09.2024 жылғы №433-НҚ) қамтамасыз ету қағидалары бекітілді, оған сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі-АӘК) жеткізу және орнату нысандарында абоненттік приставкалармен өтеусіз негізде қамтамасыз етіледі.

АӘК алушы жалғамаларды алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінішпен жүгіну қажет.

Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мекенжайлары:

Алатау аудандық бөлімі - Нуркент 5/18 ы-а, тел: 393-89-26

Алмалы аудандық бөлімі - Сейфуллина к-сі, 577, тел: 261-02-81

Әуезов аудандық бөлімі - 3 ы-а, 41В, тел: 277-48-83

Бостандық аудандық бөлімі - Жандосова к-сі, 2, тел: 392-22-95

Жетісу аудандық бөлімі - Серікова к-сі, 6а, тел: 227-05-36

Медеу аудандық бөлімі - Толе би к-сі, 12, тел: 291-18-21

Наурызбай аудандық бөлімі - Шуғыла ы-а, 347 тел: 385-71-48

Турксіб аудандық бөлімі - Рихарда Зорге к-сі, 18А, тел: 338-30-60

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Теледидар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);