AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласының Алатау ауданында №29 қалалық емха...

Алматы қаласының Алатау ауданында №29 қалалық емхана базасында МСАК үздік тәжірибелер орталығы ашылды

Алматы 13.04.2026, 09:55 184 Сұлу
Алматы қаласының Алатау ауданында №29 қалалық емхана базасында МСАК үздік тәжірибелер орталығы ашылды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында №29 қалалық емхана базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) үздік тәжірибелер орталығының ашылуы өтті. Іс-шараға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов пен Алатау ауданының әкімі Данияр Кирикбаев қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа орталық халықаралық халық денсаулығы үшін стандарттарды енгізу, цифрландыру және кешенді көзқарасты дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

№29 қалалық емхана өзіне тіркелген 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді, олардың 47%-ы – балалар. Қызмет көрсету аумағы 22,6 км-ді қамтиды.

Мұнда 40 отбасылық медицина учаскесі мен 24 бейінді маман жұмыс істейді. Тіркелген халықтың едәуір бөлігін көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар құрайды.

Орталық медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмекті біріктіре отырып, заманауи модельдерді енгізеді, атап айтқанда: мобильді бригадалардың жұмысы, патронаж қызметі, мейіргерлердің дербес практикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламалары.

Үздік тәжірибелер орталығы мыналарды қамтиды:

- «алғашқы 5 минут» қағидаты – пациентті табалдырықтан бастап жедел бағыттау және көмек көрсету;

- ⁠даулы жағдайларды шешуге арналған медиация кабинеті;

- ⁠«емхана пациент көзімен» – көрсетілетін қызмет сапасын бағалау;

- ⁠халықтық кеңес және тұрғындармен кері байланыс;

- ⁠медицина қызметкерлеріне арналған тренингтік орталық;

- ⁠МСАК деңгейінде мейіргерлердің дербес практикасы;

- ⁠денсаулық мектептері (тамақтану, аурулардың алдын алу);

- ⁠психикалық және ерлер денсаулығын қорғау бағыттары;

- ⁠медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті интеграциялау.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Пашимов атап өткендей:

«№29 емхананың таңдалуы кездейсоқ емес–ол үшін халық саны мен қызмет көрсетілетін аумақтың ерекшеліктері ескерілді. Негізгі мақсатымыз–кешенді көмектің ыңғайлы жүйесін құру, цифрландыру деңгейін арттыру және медициналық қызмет сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру».

Орталықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 13 жоба жүзеге асырылуда. Олар медицина қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге, пациенттердің қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Біздің басты міндетіміз – пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасау және қолайлы жағдай қалыптастыру. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңызды – скринингтерден өту, дәрігерлердің ұсынымдарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстану қажет», – деп атап өтті Пашимов.

Бұл үздік тәжірибелер орталығы Алматы қаласындағы үшінші нысан болды. Бұған дейін мұндай орталықтар №4 және №23 қалалық емханаларда ашылған болатын.

Алдағы уақытта аталған модельді қаланың барлық емханаларында енгізу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);