AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасын...

Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасында жұқпалы акушерлік бөлім ашылды

Медицина 01.02.2022, 04:36 1,736
Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасында жұқпалы акушерлік бөлім ашылды
Сурет: Egemen.kz

Медициналық бөлім жұмысын бастады


Smart Health University City сенімгерлік басқаруындағы Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасында жұқпалы акушерлік бөлім ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Аурухананың басқарма төрағасы Эрнест Қалиевтің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты биылғы жылдың 20 қаңтарынан бастап, жұқпалы акушерлік бөлімшесі ашылды.



«Акушерлік бөлім жүкті әйелдермен, босанған әйелдермен және 22 аптадан 36 аптаға + 6 күнге дейінгі жүктілік кезінде коронавирус инфекциясы бар босанатын әйелдермен жұмыс істейді. 80 төсек-орынмен жабдықталған, оның ішінде  ересектерге арналған 8 реанимация төсегі және бөлек акушерлік операциялық бөлмесі, жаңа туылған нәрестелерге арналған 6 кереуеттік реанимация бөлімі бар. Босану бөлімшесін қамтамасыз ету мен жабдықтауға Алматыдағы барлық перзентханалар мен көпсалалы ауруханалар үлкен көмек көрсетті», - деді Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың басқарма төрағасы, бас дәрігері Эрнест Қалиев.



Ауруханада компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, спирография жүргізіледі. Емдеу мекемесі орталықтандырылған медициналық оттегімен қамтамасыз етілген. COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдер мен олардың жаңа туған нәрестелері мамандандырылған көмекке мұқтаж болуы мүмкін және №1 қалалық клиникалық аурухананың акушерлік бөлімшесі олардың мұндай көмекті алуын қамтамасыз етеді. Акушерлік бөлімшесінің басшысы Сәуле Қабылованың айтуынша, Алматы қаласының барлық перзентханасы мен денсаулық сақтау мекемесі, 3-ші деңгейлі перинаталдық көмекті (яғни, шала туылған өте жас нәрестелер мен ауыр жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге) ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетті.



« Коронавирус жүкті әйелдердің мерзімінен бұрын босануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, COVID-19, әсіресе, жүкті және жаңадан босанған әйелдерге тән стресс пен алаңдаушылық деңгейін арттырады және осындай кезде медицина мамандары жүкті әйелдердің қажеттіліктеріне жауап беруде сауатты және жауапты болуы керек екендігін ескеру маңызды», - дейді Сәуле Қабылова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медициналық бөлім #жұқпалы акушерлік #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);