AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласындағы ақылы тұрақтарды басқару жүйесі...

Алматы қаласындағы ақылы тұрақтарды басқару жүйесіне қатысты өзгерістер бекітілді

Барлығы 22.12.2025, 19:23 382
Алматы қаласындағы ақылы тұрақтарды басқару жүйесіне қатысты өзгерістер бекітілді
ЖИ көмегімен салынған

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы паркинг»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы»

2025 жылғы 20 қарашадағы № 4/752 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы паркинг» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы» 2025 жылғы 20 қарашадағы № 4/752 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы паркинг» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысындағы:  

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

1) коммуналдық ақылы тұрақ қызметтеріне сұранысты қанағаттандыру және коммуналдықтұрақтардың тиімді және сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) тұрақ кеңістігін басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін құру арқылы коммуналдық ақылы тұрақ саласында ашықтықты арттыру; 
3) көше-жол желісінің өткізу қабілетін ұлғайту және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету;
4) әртүрлі көлік түрлері үшін жаңа тұрақ орындарын анықтау арқылы қаланың бірыңғай тұрақ кеңістігін ұйымдастыру мен дамытуды, сондай-ақ көше-жол желісін оңтайландыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында тұрақ кеңістігін ұтымды пайдалану мен ақы төлеуді бақылауды қамтамасыз ететін тұрақ орындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануды және жетілдіруді қамтамасыз ету; 
5) тұрақ орындары мен тұрақтарда электр көліктерін зарядтау үшін электр зарядтау станцияларының инфрақұрылымын дамыту; 
6) көше-жол инфрақұрылым ұтымды пайдалану үшін жол қозғалысын реттеуге жәрдемесу; 

 

7) қоғамдық қауіпсіздікті және ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда сақтау үшін оларды жеткізу (эвакуациялау) процесінүздіксіз ұйымдастыруды қамтамасыз ету.»;  

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 41. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 2 295 318 582,70 (екі миллиард екі жүз тоқсан бес миллион үш жүз он сегіз мың бес жүз сексен екі) теңге, 70 тиынды құрайды.»;

2. Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорынның тіркеуші органда мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

Алматы қаласының әкімі ​​​​​        ​        Д. Сатыбалды

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#паркинг #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика