31 шілде 2026 жылы Алматы қаласының Әлеуметтік қызметтер үйіне Қытай Халық Республикасы делегациясы келді. Делегация құрамында Шанхай әйелдер федерациясының төрайымы Чжан Хуа және Шанхай қаласының Экономика және ақпараттандыру басқармасы жанындағы Әйелдер істері комитетінің директоры Ми Вэй болды.
Сапар аясында екі елдің өкілдері әлеуметтіксаясатты дамыту, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту мәселелерін талқылап, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағытәжірибелерімен алмасты.
Қонақтарды Алматы қаласы Жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныңөкілдері қарсы алды. Кездесу барысындаделегацияға «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысістейтін заманауи алаң – Әлеуметтік қызметтерүйінің қызметі таныстырылды. Мұнда қалатұрғындары әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер және тұрғын үймәселелері бойынша консультациялармен қатармемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің кеңспектрін ала алады.
Кездесу барысында 15 сәуір 2024 жылғы Қазақстан Республикасының әйелдердіңқұқықтарын қамтамасыз ету және балалардыңқауіпсіздігін қорғау мәселелері жөніндегі Заңыніске асыру аясында құрылған Алматы қаласыныңОтбасын қолдау орталығының қызметіне ерекшеназар аударылды. Кездесуге қатысушыларға қиынөмірлік жағдайға тап болған отбасыларғаәлеуметтік, психологиялық, құқықтық жәнеконсультациялық көмектің кешенді жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдықұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктері туралыақпарат берілді.
Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығыдиректорының міндетін атқарушы АқмолжанЗарипов мекеменің негізгі қызмет бағыттарын, жұмыс нәтижелерін, отбасылық қолайсыздықтыңалдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңпрофилактикасы, әйелдер мен балалардыңқұқықтарын қорғау бойынша жүзеге асырылыпжатқан шараларды таныстырды.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік қорғау, отбасын қолдау, сондай-ақ әйелдер мен балаларғақатысты мемлекеттік саясатты іске асырусаласындағы үздік тәжірибелерімен алмасты. Қытай делегациясының өкілдері Алматы қаласының әлеуметтік қызметтерінің жұмысыментанысып, алдағы уақытта кәсіби ынтымақтастықтыдамытуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылархалықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдірудегіхалықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығынатап өтіп, Қазақстан Республикасы мен ҚытайХалық Республикасы арасындағы серіктестікқатынастарды одан әрі нығайтуға дайынекендіктерін білдірді.