Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы қаласында алтынға сұраныс жоғары

Алматы қаласында алтынға сұраныс жоғары

Экономика 21.07.2023, 13:19 1,135
Алматы қаласында алтынға сұраныс жоғары
Сурет: lsm.kz

Маусым айында елімізде 2 800-ге жуық алтын құйма сатылған.


2023 жылдың маусым айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 123,4 келі 2 791 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын.


Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,5 тонна 132 396 алтын құйма сатылды.


Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма.



Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 34 526  дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 30 034 дана (23%), 100 грамдық құйма – 27 626  дана (21%), 20 грамдық құйма - 24 327  дана (18%), және 50 граммдық құйма – 15 883 дана (12%). 2023 жылғы маусымда алтын құймалар мына өңірлерде ең көп сатылған: Алматы (1 404 дана, 50%), Шымкент (627 дана, 22%) және Астана (168 дана, 6%).



Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.


Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 599,9 келі 22 848 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 17%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.



«Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз», делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #Құйма #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Бүгін 15:20

Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумда дауыс берді

Бүгін 15:19

15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Бүгін 15:14

Бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімінің ашық өтіп жатқанын айтты

Бүгін 15:05

Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика