AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы қаласы музейлер бірлестігі тегін «Музей түн...

Алматы қаласы музейлер бірлестігі тегін «Музей түніне» шақырды

Алматы құшағында Бүгін 14:55 46 yakiya
Алматы қаласы музейлер бірлестігі тегін «Музей түніне» шақырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Халықаралық музейлер күніне орай тегін экскурсия, театрландырылған қойылым, концерт, квестер мен интерактивті жобаларды қамтылған үлкен мәдени бағдарлама дайындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Музей түні – 2026» акциясы аясында қала музейлері түн ортасына дейін жұмыс істеп, кіру жағы да тегін болады. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы музейлер бірлестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Рүстем Қайратұлы осылай деп мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Халықаралық музейлер күні жыл сайын 18 мамырда атап өтеді. 1978 жылдан бері бұл мереке бүкіл әлем музей қауымдастығының басын қосып, Қазақстанда бұл акцияны 2005 жылдан бері атап өтіп келеді.

Рүстем Қайратұлы Алматы музейлері халықаралық акцияға белсене қатысатынын, жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарға мазмұнды бағдарлама ұсынатынын атап өтті.

Халықаралық музейлер күні Алматы музейлер бірлестігі құрамына кіретін барлық музейге кіру тегін болады. Олардың қатарында Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Нұрғиса Тілендиев мемориалды музейі, Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы, Дінмұхамед Қонаев мемориалды музейі, Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалды музей-үйі, Ғабит Мүсірепов әдеби-мемориалды музей-үйі, Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі мен Алматы галереясы да бар.

«Музей түні – 2026» акциясы аясында музейлер 18 мамыр күні сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Негізгі кешкі бағдарлама сағат 18:00-ден түн ортасына дейін өтеді.

«Біз балалардан бастап жастарға, отбасылық аудитория мен өнер сүйер қауымға дейінгі әртүрлі жастағы келушілерге қызықты болатын бағдарлама дайындауға тырыстық», – дейді спикер.

Келушілерге арнап танымдық интерактивті квестер мен викториналар, музейлік сабақтар, көрмелер, кездесулер, концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылымдар мен экскурсиялар ұйымдастырылады.

Мәселен, Алматы музейі алаңында Асанәлі Әшімов театрының «Алматы – махаббатым» қойылымы өтеді, Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық үй-музейі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін ұсынса, Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық үй-музейі «Мөлдір махаббат» қойылымын сахналайды.

Сонымен қатар музейлерде көрмелер ашылады. Олардың қатарында сақ жауынгерінің ғылыми реконструкциясы, Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған «Қазақ киносының жауһары – Қыз Жібек» көрмесі, актриса сондай-ақ Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің 45 жылдығына арналған көрме де бар.

Акция аясында тұрғындар музейге өз заттары мен көне дүниелерді тапсыра алатын «Музейге сый» жобасы мен танымал тұлғалар қатысатын «Жұлдызды гид» жобасы да өтеді.

Қонақтар үшін «Сазген сазы», «Арқайым», «Парасат» этно-фольклорлық ұжымдары, Kalifarniya, Bayansulu, «Алатау серілері» мен «Алашұлы» топтары, Жанар Айжанова, Медеу Арынбаев, Айдана Меденова, IL Canto квартеті, Талғат Әбуғазы мен Мұрат Әбуғазы, Эльза Карабалина, Ардақ Исатаева қатысатын концерт, ашық аспан астындағы кино көрсетілімі, қыш өнері, музыкалық аспап жасау мен бейнелеу өнері бойынша шығармашылық шеберлік сабақтары өтеді.

Ең ерекше жобалардың бірі – музейлер бірлестігі музейлері бойынша арнайы квест болмақ. Спикердің айтуынша, танымал блогерлер қатысатын командалар музей қызметкерлері дайындаған тапсырмаларды орындайды.

Балаларға арнап музейлік пазлдар, аквагрим мен тақырыптық квестер ұйымдастырылған арнаулы ойын аймақтары да ашылады осы жолы.

«Музей түні» қазір экскурсия ғана емес, өнерді, тарихты, театрды, музыка мен осы заманғы интерактивті форматтарды біріктіретін үлкен мәдени кеңістікке айналды», – деп атап өтті Рүстем Қайратұлы.

Алматы музейлер бірлестігі барлық қаланың тұрғындары мен қонақтарды «Музей түні – 2026» акциясына қатысуға шақырып, барлық іс-шараға кіру тегін болатынын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Музей түні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Бүгін 15:17

Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді

Бүгін 15:08

Алматыдағы Қастеев музейі Музей күніне орай үлкен бағдарлама даярлады

Бүгін 14:35

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

Бүгін 14:16

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);