AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұла...

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Оразалин тағайындалды

Әлеумет 25.05.2022, 09:23 1,300
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Оразалин тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



"Оның басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаламыздағы шағын және орта бизнесті қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Аталған тиімді жұмыстың арқасында Мемлекет басшысының зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі тапсырмасы орындалды. Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97% өз қызметін қалпына келтірді. Ағымдағы жылдың 20 мамырында құны 14 082 240 817 теңге болатын 1 568 өтінім мақұлданды. Осы күрделі кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты және білікті маман ретінде әрі  жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру кезінде.



Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.


2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеді.


2010-2012 жылдары Алматы қаласының Өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды.


2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.


2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік  жасады.


2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);