ffin.kz

«Алматы қаласы Білім басқармасы» білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды

«Алматы қаласы Білім басқармасы»  білім беру ұйымдарының  басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды almaty-akshamy.kz

«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдар МКҚК) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

 

 

1.                  Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 5 М.Төлебаев атындағы балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 54 А.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

2.                  Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 5-ші ықшам ауданы, 59.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

3.                  Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 9 Е.Брусиловский атындағы балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Приозерная көш., 1 А.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

4.                  Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяков көшесі, 62А үй.

Қызмет түрі: Әдістемелік және психологиялық көмек.

 

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты -  теңгеден 202 807 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

     Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

     немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

Лауазымдық міндеттері:

·                    білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

·                    мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

·                    басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

·                    қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

·                    білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

·                    білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

·                    балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

·                    педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

·                    білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

·                    басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

·                    білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

·                    педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

·                    оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

·                    педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

·                    жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

·                    есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

·                    барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

Білуге тиіс:     

 

·                    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

·                    педагогика мен психология;

·                    педагогикалық этиканың нормалары;

·                    экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

·                    компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

·                    еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

 

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің              2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.

 

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

 

Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

          «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1)                 осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)                 жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3)                 кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4)                 білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5)                 еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)                 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)                 психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)                 наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)                 біліктілік тестілеу сертификаты;

10)             Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11)             түйіндеме.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok90@mail.ru.

       Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

 

Басқарушылық құзыреттерді, жеке психологиялық бейінді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуді өткізу күні, уақыты және орны қосымша хабарланатын болады.

 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап                           3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77073583242. Элекрондық адрес: service.ok90@mail.ru

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 ________________________________________________________________________________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

 ____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі уақытта___________________________________________________________________

________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

 

     

Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар  болса)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

 - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

 - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

 - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

 

Келісемін ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда))                 (қолы)

 

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

 

20___жылғы "____" ______________ ____________________

                                                                                               /қолы /

 

 

 

     

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32