Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бас жоспардағы өзгерісті таныстырды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бас жоспардағы өзгерісті таныстырды Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Еліміздің ең үлкен қаласы әрі экономиканың жетекші драйвері саналатын Алматы Бас жоспарды түзетуге кірісті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов  экологиялық қауіпсіздікке, тұрақты даму мен бірегей табиғи кеңістікті сақтауға бағытталған жаңартылған қала құрылысының тұжырымдамасын таныстырды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Шахановтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді орындау тұрақты экономикалық өсім мен қала ортасының сапалы дамуын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Табиғи аумақтарды сақтау мен тау бөктеріндегі бақылаусыз құрылысты шектеу – соңғы жылдары қоғамда үлкен пікірталас тудырып жүрген мәселенің бірі болып отыр.

Тау бөктерінде құрылысқа тыйым: Бас жоспардың негізгі шешімі

Бас жоспарды түзету барысында қаланың жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үй мен сығылысқан құрылыс салуға толық тыйым салу жағына көп мән беріліп отыр. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен туризм кластерінің нысандарына ғана жеңілдік беріледі енді.

«Алматы ерекше табиғи-климаттық жағдайда орналасқан. Тау бөктеріне кез келген нәрсені сала берсе экология мен геологиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Сондықтан таулы аймақты сақтау – міндетіміз», - дейді Шаханов.

Алматы облысының жері қала құрамына өткеннен кейін таулы жерде 171 мыңнан астам тұрғыны бар 29 жаңа шағынаудан пайда болды. Бұл аумақтардың инфрақұрылымы кенжелеп қалғандықтан, көлік, әлеуметтік және инженерлік салада біраз мәселе қордаланып қалды. Бұған дейін енген биіктікке шектеу, беткейлерді кесуге тыйым салу мен 15 градустан жоғары еңісте құрылыс жүргізбеу талабы жүктемені ішінара ғана тежеп отыр.

Биылғы 29 қазандағы қалалық мәслихат мына шектеулерді енгізді:
•    таулы және тау бөктеріндегі аймақта КТҮ салуға тыйым;
•    нүктелі (уплотняющая) құрылысқа тыйым;
•    бизнес-орталықтар мен кеңселер салуға тыйым.

Сонымен қатар бұрын берілген рұқсат құжаттары күшінде қалып, жұмыс белгіленген тәртіппен жүзеге асады.

Жаңа көлік құрылымы: метро, LRT және полицентрлі даму

Жаңартылған Бас жоспар қалада көпдеңгейлі бірыңғай көлік жүйесін қалыптастыруды көздейді.
Негізгі басымдық – жоғары және орта жылдамдықтағы қоғамдық көлікті дамыту.

Басты шешімдер:
•    Метро – қаланың жоғары жылдамдықты негізгі қаңқасы.
•    LRT – қаланың аудандарын байланыстыратын орта жылдамдықтағы желі.
•    Метро, LRT, теміржол тораптары мен әуежайдың интеграциясы.
•    Көлік жүйесінің БАКАД және елдімекендермен байланысы.
•    Үлкен ТПУ жүйесі: «Шығыс», «Батыс» және «Солтүстік» стратегиялық көлік тораптарына айналып, жаңа іскерлік кластерлердің дамуына серпін береді.

Қаланың жасыл-желегі: Алматы рекреацияны 1100 гектарға ұлғайтады

Қазір қаладағы рекреациялық аймақтардың аумағы 1 215 гектардай болып қалады, негізі 2 315 гектар болуы тиіс, қалаға қазір 1000 гектардан астам жасыл-желекті аумақ жетіспейді. Әсіресе оңтүстік-батыс пен батыс жақта.

Бас жоспар бойынша 2030 жылға дейін жаңа саябақтар мен алаңқайлар құрылып, тапшылық толық жойылады да, 2040 жылға қарай жасыл аймақ 500 гектардан асып түсуі керек. Сонымен бірге қала өндірістік кәсіпорындарды кезең-кезеңімен арнаулы аймақтарға көшіре бастауды қолға алмақ.  

Алматы мен Алатау — болашақ агломерацияның «екі ядросы»
Бас жоспарды түзету Алматының полицентрлі даму моделіне көшуін нақтылайды. Бұл көші-қоңның  құбылмалылығын азайтып, қаланың барлық бөлігінде жаңа тартылыс нүктесін құруға мүмкіндік бермек.
Негізгі полицентрлер:
«Шығыс қақпасы»
•    Талғар мен Құлжа бағыттары
•    Логистика, іскерлік қызметтер
•    MICE-туризмді дамыту
•    Әуежай маңындағы көлік торабы
«Батыс»
•    Экологиялық өндірістер
•    Алматы индустриалды аймағы
•    Ескі өнеркәсіп аймақтарын эко-индустриалды парктерге айналдыру

Кеңістіктік талдаудың замандық әдістерін қолдану қала құрылысы саясатына деректерге негізделген жаңа, икемді тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қоғамдық тыңдаулар – 24 желтоқсан

Барлық ұсыныстар, әдістер мен қорытындылар Бас жоспарды түзетуге негіз болды. Құжаттың түпкілікті нұсқасы 2025 жылғы 24 желтоқсанда көпшіліктің талқысына ұсынылады.

«Бас жоспарды түзету – бұл қаланың даму динамикасын және жаңа сын-қатерлерін көрсететін стратегиялық қадам. Біз қауіпсіз, экологиялық тұрғыда таза әрі қолайлы қала қалыптастырамыз, онда әр аудан өзін-өзі қамтамасыз ететін болады», - деп түйіндеді өз сөзін Бейбіт Шаханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:20

17:15

17:10

17:00

16:50

16:38

16:28

16:10

16:00

15:48

15:34

15:27

15:14

14:48

14:32

14:19

14:12

14:04

12:43

12:26

12:16

12:02

11:59

11:48

11:39