«Сәлемдемелер супермаркеті», гибридті электрондық пошта, несие беру. Алматы поштасында 30 жылда не өзгерді?
Жыл сайын 9 қазанда бүкіл әлемде пошта қызметкерлерінің мерекесі атап өтіледі. Алматы пошта үйіне 54 бөлімше кіреді, онда жүздеген қызметкерлер еңбек етеді. Пошташылар жыл сайын миллиондаған хаттарды қабылдап, жібереді және мыңдаған сәлемдемелерді өңдейді. Алматы поштасының директоры Алтын Садықова ӨКҚ брифингінде осы саладағы мамандардың тағы қандай істер атқаратынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, спикер олардың компаниясы барлық қалалар мен елді мекендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша пошталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ең қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі екенін атап өтті. Электрондық сауданың дамуымен сәлемдеме жөнелтілімдерінің айтарлықтай өсуі байқалады.
Мысалы, «Қазпошта» жыл сайын клиент үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа жобаларды іске асырады.
«2015 жылдан бастап «Сәлемдемелер супермаркеті» жаңа қызметі енгізілді. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде пошта жөнелтілімдерін беру бөлімшесі. Өзіне-өзі қызмет көрсету принципі кезектерді алып тастауға және сәлемдемені алу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта клиенттер пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаны күтпеуіне болады. Егер клиенттің телефон нөмірі деректер базасында тіркелген болса, ұялы телефонға sms – хабарлама келеді», - деп түсіндірді Алтын Садықова.
Сонымен қатар, сол 2015 жылы «Почтаматтар» енгізілді. Бұл интернет-дүкендер мен каталогтарда тапсырыс берілген тауарларды беруге арналған автоматтандырылған терминалдар, олар кем дегенде 8 сағаттық жұмыс режимімен балама жеткізу қызметі ретінде жасалған.
«Сондай-ақ корпоративтік интернет порталы бар «post.kz», бұл қызметтердің гипермаркеті. Порталда онлайн режимінде пошта және қаржы қызметтерін пайдаланушылар үшін оның ыңғайлылығын арттыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. Бұл жүйе банк карталарын байланыстыра отырып, жеке тұлғалар үшін интернет-банкингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бөлімшелерде төлемдерді қабылдау бойынша терминалдар орнатылған», - деп толықтырды директор.
Спикердің айтуынша, соңғы бірнеше жылдағы үрдіс дәстүрлі пошта көлемінің жыл сайынғы төмендеуін көрсетеді. Осылайша, гибридті электрондық пошта (ГЭП) пайда болды - бұл пайдаланушыларға электрондық түрде жекелеген кезеңдерде жіберілген хабарламалармен немесе құжаттармен алмасуға мүмкіндік беретін қызмет. Осы тенденцияларға жауап ретінде гибридті жөнелту қызметтері бастапқы кезеңде жөнелтімді электрондық пошта (хабарлама) нысанында ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық тасымалдағыштарды пайдалану арқылы жіберу арқылы ұсынылады, бұл пошта бөлімшелерінің жұмыс режиміне қарамастан, пайдаланушыларға кеңседен шықпай-ақ, бөлімшелерге бармай-ақ хаттарды онлайн жіберуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, «Қазпошта» 150-ден астам елден жөнелтілімдерді қабылдайды және хаттар, сәлемдемелер алады, бұл – үлкен артықшылық.
Алматы поштасы жұмыс істеген жылдары дәстүрлі емес қызметтер енгізілді. «Қазпошта» көрсететін қаржылық қызметтер спектріне заңды және жеке тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, өз эмиссиясының төлем карточкаларына қызмет көрсету және жалақы жобалары, ақша аударымдары, валюта айырбастау, халықтан төлемдерді қабылдау кіреді. Сондай - ақ, несие беру, әуе және теміржол билеттерін сату бойынша агенттік қызметтер көрсетіледі.