AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полицейлері бір тоннадан астам алкоголь өні...

Алматы полицейлері бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі

Заң мен тəртіп 12.03.2026, 08:47 282 dulatbekova
Алматы полицейлері бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында алкоголь өнімдерінің заңды айналымын бақылау және осы саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция тарапынан жүйелі жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, профилактикалық іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 45 дерегі анықталды.

Аталған құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабымен қарастырылған. Сонымен қатар тексеру барысында бір дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта аталған сауда нысанының қызметі тоқтатылып, жұмыс істемей тұр. Бұдан бөлек тексерулер кезінде алты дүкеннен алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған фактілер бойынша материалдар сотта қаралды. Сондай-ақ, тексеру барысында бір диско-бардың әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды.

Нысаннан шамамен 400 литр алкоголь өнімі тәркіленді. Жалпы жүргізілген іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 1 мың 150 литрден астам алкоголь өнімі алынды. Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Ильяс Өмірсеріков алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты заң талаптарының сақталуын бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

– Біздің басты міндетіміз – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Белгіленген талаптарды бұзудың кез келген фактісі дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Ильяс Өмірсеріков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алкоголь өнімдері #тәркілеу #заңсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);