ffin.kz

Алматы полициясының басшысы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өткізді

Алматы полициясының басшысы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өткізді Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенттерімен кездесті.


Қаланың бас полицейі жиналыс өткізіп, полиция қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар жиналғандарды қаладағы есірткі қылмысымен күрес және жол қауіпсіздігі туралы ақпараттандырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Шынында, мен үшін бір кездері өзім оқыған университетте сөз сөйлеу үлкен мәртебе. Заң факультетінде оқып жүріп, барлықтарыңыз болашақ мамандықтарыңызды таңдап, кім болғыларыңыз келетінін білесіздер деп ойлаймын. Мамандықты дұрыс таңдау – өмірден өз орныңды дұрыс табу деген сөз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті: білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриоттық. Бүгін сіздер бірнеше тілде еркін сөйлейсіздер және өздеріңізге үлкен және амбициялық жоспарлар қоясыздар. Жастардың қатысуымен еліміз, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті болу керек. Отанына қажетті және пайдалы болу әрбір жастың мақсаты болуы керек», – деді Арыстанғани Заппаров.



Сонымен қатар ПД-ның бастығы полиция қызметінің артықшылықтарына тоқталды. Полиция департаментінің негізгі міндеттері профилактика, яғни құқық бұзушылықтың алдын алу болып саналады. Ал егер олар бұрын жасалған болса, оларды ашу және тергеу, ұйымдасқан қылмыспен күресу, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы тұру, сондай-ақ жол қауіпсіздігін және көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету екендігін айтты.



«Полиция қызметі заңдылық пен тәртіпті сақтауға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей байланысты. Демек, полициядағы қызмет те қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы еліміздің дамуына қосылған орасан зор үлес болып саналады. Полиция қызметкері мамандығы – қауіп-қатерден қорықпайтын және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне үлес қосуға дайын адамдар үшін жақсы таңдау. Осы бағытты таңдау арқылы сіздер таптырмас мықты маман атанып, Қазақстанның болашағына әсер ете аласыздар, соңғы кезде мемлекет тарапынан полицияға әлеуметтік қолдау айтарлықтай артты», – деді Арыстанғани Заппаров.



ПД бастығының айтуынша, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі полицияның кәсіби жұмысына ғана емес, бүкіл халықтың белсенді ұстанымына байланысты. Осыған орай, ол болашақ заңгерлерді өз ортасындағы қылмыстың алдын алу жолында үлес қосуға шақырды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51