AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады

Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады

Заң мен тəртіп 26.09.2024, 15:01 1,203
Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Жетісу ауданы полициясының мәліметінше, ол ірі көлемде ақша ұрлаған.

Полицияға кабельді сатумен айналысатын компанияның өкілі арызданған. Оның көлігінен 23 миллион теңге салынған сөмке жоғалып кеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

-Ер адамның айтуынша, ол көлігін аз уақытқа қалдырып кеткен. Қайта оралған кезде көлік әйнегінің сынғанын және сөмкенің жоғалғанын көрген. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнежүйелердің көмегімен жәбірленушінің әрекетінің хронологиясы қалпына келтіріліп, күдіктінің жәбірленушінің соңынан еріп, бөтеннің мүлкін ұрлау үшін қолайлы сәтті күтіп жүргендігі анықталды. Тергеудің бір нұсқасы бойынша, қаскөй біреудің айтуымен әрекет еткен болуы мүмкін. Іс мұқият тексеріліп жатыр, — деді Жетісу ауданы полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

Мобильді болу үшін және дулыға астында байқалмау үшін күдікті мопедке мінген. Алайда жедел уәкілдер оны тез арада анықтап, ұстады.

– Ұрлық болған күннің келесі күні күдікті әйелімен бірге ұрланған купюраларды долларға айырбастаған. Бұл деректе бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деді Жәнібек Шынасылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұры #мопед мінген #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы орталығындағы Төле би және Қазыбек би көшелерінің кей бөліктері уақытша жабылады

Бүгін 16:10

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды

Бүгін 15:57

Қала күніне орай Алматыда 2 500 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңке өтті

Бүгін 15:35

Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Бүгін 15:31

Алматыда «Almaty Ustazy» байқауының финалы өтті

Бүгін 15:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);