Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы есірткі сатушыларды құрықтады

Алматы полициясы есірткі сатушыларды құрықтады

Заң мен тəртіп 27.02.2023, 06:01 864
Алматы полициясы есірткі сатушыларды құрықтады
Сурет: Zakon.kz

Алматыға есірткі жеткізу арнасы анықталды.


Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында бес ер адам ұсталды. Олардың барлығы да Жамбыл облысы, Шу ауданының тумалары.



«Күдіктілер қаланың әр жерінде ұсталды. Мәселен, "Қалқаман" шағынауданында 46 жастағы А. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде одан сығымдалған гашиш заты салынған төрт бума, 1 млн 150 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша және ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды және тәркіленді. Ал күдіктінің үйінен, үйдің қазандығынан жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты салынған 7 полиэтилен бумасы мен металл таразылар табылды. Дәл сондай жалған құжат топтың тағы бір мүшесінен – 40 жастағы О. есімді азаматтан тәркіленді. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 34 келіге жуық гашиш тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Полицейлердің айтуынша, Алматыға есірткі жеткізу арнасы анықталды. Қазіргі уақытта шөпті әлеуетті пайдаланушылардың ауқымы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар Алматы қалалық ПД, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика