Алматы полициясы 20 заңсыз келімсекті Қазақстан аумағынан шығарды

Алматы полициясы 20 заңсыз келімсекті Қазақстан аумағынан шығарды  Сурет: Polisia.kz

Алматының көші-қон қызметі жақында Алматыдағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді келтірді.

Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:07

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41