Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар ба...

Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды

Заң мен тəртіп 14.02.2024, 05:06 1,236
Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды
almaty-akshamy.kz
Алматы полиция департаменті бірқатар басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.


"2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы ПД басшы лауазымдарына тағайындалды:

1) жедел қызметке жетекшілік ететін ПД бастығы орынбасарының м. а. полиция полковнигі Науатов қуат Әбдісаттарұлы (орнына Аханова Д. Е.);

2) тергеу қызметіне жетекшілік ететін ПД бастығы орынбасарының м. а. полиция полковнигі Рустам Еркінұлы Шарибаев (орнына К. К. Нұрмағамбетова);

3) ПД бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарының м. а. полиция полковнигі Ержан Сағынжанұлы Ұзабаев (Д. О. Өтебаевтың орнына);

4) ІҚҚ бастығының м. а. полиция полковнигі Қайрат Қабыкенұлы Әміров (Е. Ж. Жұмабайдың орнына);

Сонымен қатар қалалық басқарманың жоғары лауазымды қызметкерлері де жұмыстан шығарылды.

▪️ Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы М. Е. Мұқышев

▪️ Тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Рахманов Д. Е.

▪️ Жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы Е. Ж. Құлмұхамбетов

▪️ Жедел-криминалистикалық басқарма бастығының орынбасары Әзімбаев А. Р.

▪️ Тергеу басқармасы бастығы Д. А. Меңдебаев
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика