AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты

Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты

Заң мен тəртіп 19.12.2024, 18:10 963 dulatbekova
Алматы полицейлері ірі алаяқтық фактісін ашты
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ірі алаяқтық ісін әшкереледі.

 Құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жергілікті тұрғынның құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар азаматтың пәтерін заңсыз иемденуге әрекеттеніп, оны алдап кеткен. Алайда Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері бұл қылмысты терең зерттеп, әрбір эпизодты мұқият талдаудың арқасында әділеттілікті қалпына келтірді. Жәбірленуші полицияның жедел әрі адал еңбегіне алғыс білдіріп, құқық қорғау органдарының басшылығына хат жолдады. 

– Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері пәтерімді заңсыз иемденуге байланысты алаяқтық істі кәсіби деңгейде тергеді. Олар әрбір жағдайды мұқият зерттеп, әділеттілікті қалпына келтіруге көмектесті. Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, адамгершілігі және бізге деген шыдамдылығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің құқық қорғау органдарында өз ісінің нағыз мамандары мен адам тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың қызмет етіп жатқаны мақтанарлық жайт, – деп жазылған хатта. 

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің заң үстемдігін сақтаудағы жауапты және адал еңбегінің жарқын дәлелі екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы полицейлері #алаяқтық #жолын кесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);