AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы оқушылары батырлар ерлігін сахнада жаңғыртт...

Алматы оқушылары батырлар ерлігін сахнада жаңғыртты

Әлеумет 20.12.2024, 12:20 1,723
Алматы оқушылары батырлар ерлігін сахнада жаңғыртты
aqshamnews.kz

Алматыдағы А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Бұл кештің мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жастарға түсіндіру, батырлардың ерлігін еске алып, олардың рухына тағзым ету, сондай-ақ, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.

Кешке еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен Желтоқсан оқиғасының қаһармандары шақырылды. Тоқтаған Бәкиев, Жүрсін Тастекеев және Бекболат Нүкежанов сол күнгі ауыр сәттері туралы әңгімеледі. 

Іс-шараға қаладағы №15 және №147 гимназия оқушылары мен Мәрзия Тұрлыханова атындағы гимназияның оқушылары белсене қатысты. Жас өрендер Желтоқсан рухын дәріптейтін қойылымдар қойып, әсерлі өлеңдер оқыды. Әсіресе, №15 гимназияның оқушылары дайындаған көркем сахналық қойылым Желтоқсан оқиғасының сол бір тарихи сәттерін көрерменге жеткізіп, көңілдерді толқытқан сынды. №147 гимназияның оқушысы Кәусар Айдарбай Серік Әкірамұлының «Тәуелсіз елім» өлеңін нақышына келтіре орындады.

Іс-шара барысында Желтоқсан қаһармандарының ерлігі ғана емес, сол кезеңдегі қазақ халқының бірлігі, ерік-жігері мен азаттыққа деген ұмтылысы, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдері әсерлі әңгімеленді. Кештің әрбір сәті ұлттық рухты көтеріп отырғандай әсерде болды. Ең бастысы, бұл кеште Тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпақтары, жеткіншектердің көп қатысқаны қуантты бізді. Егемен елдің ертеңі – сол өрендердің қолында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #желтоқсан #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);