AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы облысында стенд атудан әлем кубогы өтуде

Алматы облысында стенд атудан әлем кубогы өтуде

Спорт 22.05.2023, 02:21 1,372
Алматы облысында стенд атудан әлем кубогы өтуде
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда стенд ату бойынша рейтингтік лицензиялық әлем кубогы өтіп жатыр


 Ұйымдастырушылар қатарында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, "Sport Qory" қолдау қоры, ҚР Спортты дамыту дирекциясы, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық спорттық ату федерациясы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Шараның салтанатты ашылуына қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өткізіліп отырған жарыстың  болашақта жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап тәрбиелеуге үлкен септігін тигізетініне сенім білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.
«Осы жарыстың Алматы облысында өтуі - біз үшін үлкен мәртебе. Бұл кубокқа әлемнің 42 елінен 300 спортшы қатысуда. Бүгінде облыс спортшылары жүлделі орынды иеленуде, мысалы, әйелдер арасында  Орынбай Әсем ІІІ  орынды, ерлер арасында Ещенко Эдуард ІІІ орынды, жастар арасында Нұрланова Анита І орынды иеленген. Осындай іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Атыс спорты федерациясына, Азия оқ ату спорты конфедерациясының президенті шейх Салман Аль-Сабахқа, Халықаралық оқ ату спорты федерациясының президенті Лучано Россинге алғысымды білдіремін, сондай-ақ көрсеткен қолдауы үшін Асылов Берік Ноғайұлына ерекше алғыс білдірсін. Бұл сайыс нағыз жеңімпазды анықтасын», - деді өңір басшысы өз өзінде. 



Сондай-ақ, шарада өңір басшысы Алматы облысының спортшылары пәтер кілттерін табысталды. 


Стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Орынбай Әсем Маратқызы мен Ещенко Эдуард Андреевичқа «Gate City» тұрғын-үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер табысталды.


Ашылу салтанатында стенд атудан халықаралық федерацияның (ISSF)  президенті Лучиано Росси барша жұртты салтанатты ашылу рәсімімен құттықтап, жаттықтырушыларға, спортшыларға, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.



"Қазақстан мәңгілік жүрегімде қалады. Түрлі елдердің федерацияларына алғысымды білдіремін. Бұл дода достықты да нығайтады", - деді Лучиано Росси.



Шара 20-29 мамыр аралығында Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады. 


Стенд ату бойынша әлем кубогына қатысушылардың аталмыш жарыста спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндігі бар.


Естеріңізге салайық, Александр Асанов атындағы клуб тарихында беделді сайыстар аз емес. Мысалы, 2009, 2013, 2015, 2019 жылдардағы Азия чемпионаттары, 2014 және 2021 жылдары әлем кубогінің (ISSF) кезеңі, 2022 жылы X Азия чемпионаты және ISSF Гран-приі осы ғимаратта өткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#стенд ату #Әлем кубогы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика