AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора...

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты

Әлеумет 13.08.2024, 17:52 1,245 Nursok82
Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты
Polisia.kz

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

27 шілдеде Алматы облысының полицейлері “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шара аясында Балқаш өңірінде әуе барлау кезінде үш тоннаға жуық голланд қарасорасын тапты.

– Есірткі плантациясы Балқаш көлінің аралдарының бірінде анықталды. Жүргізілген сараптама тәркіленген 6 122 өсімдік бұтасы жалпы салмағы 2 тонна 740 келі голландиялық каннабис екенін растады, – деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Өсіру дерегі тиісті күтімді қамтамасыз ететін нақты ұйымдастырылған суару жүйесінің болуымен расталады. Сонымен қатар арал аумағында орналасқан шатырда патрондарымен тегіс ұңғылы қару, қажетті екі қап тыңайтқыш, сондай-ақ қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптер табылған.

– Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізілуде, – деп толықтырды Б. Әленов.

Осылайша, полицейлер қара нарықтағы жалпы құны шамамен 300 миллион теңгені құрайтын марихуананың елу мыңнан астам бір реттік дозасын заңсыз айналымға жібермегенін айта кету жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарасора #полиция #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Бүгін 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Бүгін 17:57

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);