Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында полицейлер қысқы марафонда бақ сы...

Алматы облысында полицейлер қысқы марафонда бақ сынады

Заң мен тəртіп 24.02.2025, 15:54 836
Алматы облысында полицейлер қысқы марафонда бақ сынады
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында "Қысқы жүгіру – 2025" атты марафон өтті.

10 шақырымдық қашықтыққа созылған сайысқа кәсіби спортшылармен қатар, спортсүйер қауым және Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жоғары дайындығын көрсетіп, жарысты лайықты нәтижелермен аяқтады. Осындай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің физикалық және рухани тұрғыдан шыңдалуына септігін тигізеді. Құқық қорғаушылар күнделікті қызмет барысында үлкен физикалық және психологиялық жүктемелерге тап болады, сондықтан спортпен тұрақты айналысу – олардың әрдайым тыңғылықты қалыпта болуының кепілі. 

– Спорт – бұл тек денсаулық пен төзімділіктің белгісі ғана емес, сонымен қатар мінездің беріктігі, тәртіп пен жеңіске деген ұмтылыс. Полицейлердің марафонға қатысуы – олардың кез келген сынаққа дайын екенінің айқын дәлелі. Себебі ішкі істер органдарындағы қызмет тек кәсібилікті ғана емес, мықты физикалық дайындықты да талап етеді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

 Бұл марафон полицейлердің тек қызмет бабында ғана емес, спорттық алаңда да алдыңғы қатардан көрінуге ұмтылатынын көрсетті. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Қысқы жүгіру - 2025 #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика