Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы облысында парашют спортынан чемпионат баста...

Алматы облысында парашют спортынан чемпионат басталды

Спорт 02.07.2022, 06:38 1,205
Алматы облысында парашют спортынан чемпионат басталды
Сурет: Inform.kz

Арнайы операциялар күштерінің парашюттік даярлық орталығында жеке-командалық біріншілікке классикалық парашют спорты мен топтық парашют акробатикасынан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің 29-ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған сайысқа Арнайы операциялар күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әскери-әуе күштерінің, Ұлттық ұланның, «Отан» ҚБ республикалық аэроклубының, Қарағанды қаласының авиациялық құтқару-іздестіру орталығының, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінің командалары қатысуда. Барлығы 17 команда, олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері мен шебер атағына үміткерлер, разрядты спортшылар да бар.




«Қарулы күштердің басшылығы әскерлердің жауынгерлік даярлығының тірегі саналатын әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға мүдделі. Солардың бірі – парашют спорты. Чемпионат барысында тиісті қауіпсіздік шаралары сақталып, жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Сайыс әділ өтіп, нағыз мықтылар жеңіске жетсін», - деді ҚРҚК Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Болат Жорабаев.



Алғашқы болып парашютпен секірген Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Болат Жорабаев жарысты ашып берді. Сайыста мықтылығын сынаушылар қону дәлдігін белгілеп, 900-1200 метр биіктіктен жеке және топтық секірулерді және 2200-2500 метр биіктіктен жеке және топтық акробатикалық секірулер орындайды.


Чемпионаттың қорытындысына сәйкес парашют спортынан Қазақстан мен Қарулы күштердің құрама командалары жасақталады.













Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы күштер #парашют #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика