Алматы облысында орман өртінің аумағы қысқарып, сақтық күшейді   

  • 15:14, 21 қараша 2025
Алматы облысында орман өртінің аумағы қысқарып, сақтық күшейді    сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Алматы облысы бойынша 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымның қорытындысы шықты. Спикер ретінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Жұманов сөз сөйлеп, орман өртінің беталысы, келтірілген залал мен атқарылған алдын алу іс-шаралары туралы мәліметтерді ұсынды.

Инспекцияның ақпаратына сәйкес, 2025 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4 034 гектарды құрайтын 32 орман өрті тіркелген. Оның 1 776,8 гектары – орманды жерлер. Келтірілген жалпы залал 9,6 млн теңгеге бағаланған. 4 754,7 текше метр ағашты өрт шалған.

Тіркелген оқиғаның себептері:

•    6 өрт дала өртінің, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы өрттің орманды шарпуынан шыққан;
•    1 жағдай – тұрғындардың кінәсінен;
•    7 өрт – найзағай түскеннен;
•    19 жағдай – белгісіз себептермен.

Бақытжан Жұмановтың айтуынша, биыл орман өртінің аумағы едәуір қысқарыпты. 2024 жылмен салыстырғанда 2 049 га-ға азайған (6 083 гектардан 4 034 гектарға дейін).
Өрттің таралуына жол бермеу үшін мемлекеттік орман пайдаланушылар кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізген.

«2025 жылы орман өрттің алдын алу мақсатында облыстың мемлекеттік орман пайдаланушылары 601 шақырым минералды жолақ жасады, 2 581 шақырым қолданыстағы минералданған жолақтарға күтім жасады, 111 шақырым өртке қарсы ажырату жолақтарын жүргізді, табиғат қорғау тақырыбындағы 919 аншлаг орнатты. Сонымен қатар өрт қаупі жоғары маусым басталғанға дейін іргелес аумақтарда 85 шақырымдай жердегі шөптесін өсімдіктерді қолдан өрттеп шықты», — деді спикер.

Сонымен бірге барлық ірі дерекке байланысты қызметтік тергеу жүргізілгені атап өтілді. Далада шыққан өрттің басқа жерді де шарпуы өрттің таралуына негізгі себеп болған. Құмды, батпақты, таулы аймақтарға бару да біраз қиындық келтірді.   

11 орман өртінің материалы кінәлі тұлғаларды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. 2025 жылы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 75 факт анықталып, 75 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 14 млн теңгеден асып, оның 10,27 млн теңгесі 63 адамнан өндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:06

15:58

15:47

15:39

15:31

15:24

15:14

15:09

15:01

14:53

14:42

14:36

14:22

14:14

14:11

14:06

12:47

12:33

12:12

11:47

11:31

11:15

10:46

10:34

10:01