AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алы...

Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен

Медицина 15.06.2022, 03:32 2,061 Almaty-akshamy
Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен
Cурет: Ашық дереккөз

Балалар арасында аяқ-қолы сынып, бас-ми жарақатын алған және жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер көп


Былтыр Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер жаз айы басталғалы бері медициналық көмекке жүгінген балалардың көбейгенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Балалар арасында аяқ-қолы сынып, бас-ми жарақатын алған және жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер көп.


Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Тойбеков Арман Серікбайұлының айтуынша, көп жағдайда балалар ата-ананың қарауынсыз қалған кезде жарақат алады. Бас дәрігер аурухананың травматология бөлімінде кішкентай емделушілер саны 2021 жылы 32,7% – ға артқанын айтады.



«2021 жылы аурухананың травматология бөлімінде әр түрлі жарақат алған 1433 бала ем қабылдады. Оның ішінде 89-ы бір жасқа дейінгі сәбилер. Көбіне балалар ата-ананың қарауынсыз қалған кезде жарақат алатыны белгілі. Сондықтан біз ата-аналардан балаларына мұқият болуын сұраймыз», - дейді аурухана директоры Арман Серікбайұлы.


Сонымен қатар Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері 2021 жылы жарақат пункті ашылғанын айтты.


«2021 жылдан бастап ауруханада жарақат пункті ашылды. Онда жұмсақ тіндері зақымданған, күйік шалған, әртүрлі генездегі жаралар, жәндіктер шаққан тағы да басқа жарақат алған балаларға көмек көрсетіледі. Жарақат пункті ашылған бір жарым жыл ішінде дәрігерлер 3504 балаға медициналық көмек көрсетті», - деді бас дәрігер.



Естеріңізге сала кетсек, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 55 төсек-орындық жарақат бөлімі ашылды. Жарақат бөлімінде травматологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, офтальмологиялық көмек көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #аурухана #жарақат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика