AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылм...

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Заң мен тəртіп Бүгін 11:05 74
Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды
Polisia.kz

Төрт күдіктінің мал ұрлығының сегіз дерегіне қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау, сондай-ақ азаматтарға келтірілген залалды өтеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

2026 жылдың 14 қарашасында ІІМ-нің криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданында ірі қара және ұсақ мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар деген күдікпен екі топты ұстады.

Төрт күдіктінің мал ұрлығының сегіз дерегіне қатысы бар екені анықталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар 20 бастан астам ірі қара және 47 қойды ұрлаған. Қаскөйлер ауылдық жерлерде еркін жайылымда жүрген малды ұрлап, кейін оны тірідей жергілікті ауыл тұрғынына сатып отырған.

Үш адамнан құралған тағы бір топ шаруа қожалығының аумағына заңсыз кіріп, қорадан 21 бас ұсақ малды ұрлады деген күдікке ілінді. Ұрланған барлық мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

- Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында мал ұрлығы 36%-ға азайған. Полиция 80-нен астам мал ұрлығы дерегін ашып, 75 күдіктіні, оның ішінде 14 қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Заңды иелеріне 400-ден астам мал қайтарылып, 150 млн теңгеден астам шығын өтелді. Республика көлемінде жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 566 адам ұсталды. Олардың қатарында 142 қылмыстық топтың мүшелері бар. 4 мыңнан астам мал иелеріне қайтарылып, 800 млн теңгеден астам шығын өтелді. ІІМ әрбір азаматтың мүлкі заңмен қорғалатынын атап өтеді. Азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жасалған қылмыс үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету полиция қызметінің басым бағыттары болып қала береді. "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында мал ұрлығына қарсы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Dragon City тұрғын үй кешенін тұрақты жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр

Бүгін 15:10

Шаруаларды жеңілдікпен қаржыландыру 2026 жылы 1,2 трлн теңгеге жетті

Бүгін 15:05

Олжас Бектенов отандық өндірушілердің «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін 15:00

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Бүгін 14:37

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);