Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастар...

Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы қайта басталады

Әлеумет 01.10.2024, 15:10 1,559
Алматы облысында жастарға арналған «Алатау  жастары» бағдарламасы қайта басталады
Сурет: Egemen.kz
Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несие беру арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «Алатау жастары» бағдарламасын қайта іске қосады.

Бағдарламаға қатысу үшін Алматы облысында ресми жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы қажет және бұл зейнетақы жарналарының тұрақты төленуімен расталуы керек. Сондай-ақ, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде аттарына тіркелген жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өтініштерді қабылдау 1-15 қазан аралығында өтеді. Үміткерлер өтініштерін Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, №41, «Бәйтерек» бизнес орталығы, 1-қабат, акт залында орналасқан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына тапсыра алады.

Бағдарламаға қатысушылар қалай іріктеледі?

⏺
 Жұмыс өтіліне байланысты: 1 жыл жұмыс өтілі үшін 2 балл, ал әрбір келесі жыл үшін 1 балл беріледі (5 жылға дейін ескеріледі).
 
 Отбасылық жағдайына байланысты: тіркелген некеде болса 5 балл, ал тұрмыс құрмағандарға 1 балл.

 Балалары барлар үшін: бір балаға 2 балл, екі немесе одан да көп бала үшін 1 балл беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне 5 балл.

Жалдамалы пәтерді өтейтін мемлекеттік қызметшілерге 10 балл.

Депозитінде кемі 500 мың теңге салымы бар банк клиенттеріне 2 балл беріледі.

Іріктелген қатысушылар Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін бағалатуы қажет. Банк 18 млн теңгеге дейін несие береді, ал егер мүліктің құны жоғары болса, айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлеуіңіз қажет.

Бастапқы жарна 10% құрайды, ал несие мөлшерлемесі жылдық 6%-ды (ЖТСМ 6,2%-дан 6,8%-ға дейін) құрайды. Несиені өтеу мерзімі 19 жылға дейін.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #жастар #тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика