конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында фермерлер су үшін артық төлеген

Алматы облысында фермерлер су үшін артық төлеген

Әлеумет 31.10.2024, 12:58 1,303 Nursok82
Алматы облысында фермерлер су үшін артық төлеген
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Ой-Карағай шатқалында шаруашылық иелерімен кездесіп, фермерлік шаруашылықтардың дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылады. Кездесуге депутаттар, әкімдік өкілдері, агрокредиттік ұйымдар мен фермерлер қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Прокуратура бірнеше компанияның су бағасын негізсіз көтергенін анықтады. Бұл өңірдегі фермерлерге үлкен зиян келтірді. «Талғарирригация», «Балқаширригация», «Көлсайирригация» және «Үшқонырирригация» компаниялары су тасымалдау, жабдықтарды күту және салықтар бойынша шығындарды көтеріп, фермерлерге арналған су құнының тым жоғары болуына себеп болған.

Прокуратураның араласуынан кейін тарифтер төмендетіліп, бір текше метр су бағасы 38%-ға арзандады. Бұл өңірдегі 1300 ауылшаруашылық өндірушілерінің мүдделерін қорғауға және шығындардың өсу жағдайында қолдауға мүмкіндік берді. Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, егіншілер дәнді жинау маусымындағы дизель отынының бағасының өсуін және өнімді сату қиындықтарын атап өтті. Мысалы, өткен жылы және биылғы жылдың басында нарық тапшылығына байланысты 11 мың тонна пиязды жоюға тура келді, ал жүгері бағасы екі есеге төмендеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егіші #прократура #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Бүгін 16:17

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);