AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында дизель отыны бойынша жағдай ретте...

Алматы облысында дизель отыны бойынша жағдай реттеледі

Әлеумет 07.04.2023, 20:33 1,357 Аlmaty-akshamy.kz
Алматы облысында дизель отыны бойынша жағдай реттеледі
сурет: aikyn.kz

Энергетика министрлігінің мәліметінше, өңірге дизельдің қосымша көлемі жөнелтіледі.


Алматы облысындағы дизель тапшылығына байланысты Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз», «Petrosun» ЖҚС желілері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарайды Аlmaty-akshamy.kz.


Министрліктен мәлімдегендей, қазір Алматы облысындағы дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады. Жанармай құю станцияларының (ЖҚС) дерегінше, бүгінде бар дизель көлемі қажеттілікті жабу үшін жеткілікті.


Алайда, ЖҚС желілерінің ақпараты бойынша бүгін дизель отынына деген сұраныс 30% астам мөлшерге артқан. Салдарынан кейбір жанармай құю бекеттерінде отынның тәуліктік көлемі тез таусылған.


Энергетика министрлігінің мәліметінше, өңірге дизельдің қосымша көлемі жөнелтіледі.



«Сондықтан желілер басшылығы отынды көп тұтынатын аудандарға тиеп-жөнелтуді арттыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-химия зауытынан 5 000 тонна отын жөнелтілді. «Қазақстан теміржолы компаниясы» уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді», - делінген министрліктің сайтында жарияланған хабарламада.



Бұған дейін Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған еді. Дегенмен ол бүгін жұмысын қайта бастады. Аталған зауытта өңделген мұнай өнімдерінің алғашқы легі демалыс күндері жөнелтіледі.



«Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады», - деп мәлім етті ведомстводан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дизель отыны #Алматы облысы #энергетика министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);