ffin.kz

Алматы облысында 200-ге жуық жер телімі қауіпті аймақта тұр

Алматы облысында 200-ге жуық жер телімі қауіпті аймақта тұр Сурет: Ашық дереккөз

Топырақтан зардап шеккен екі отбасы да қазір жамау-жамау үйдің бұрышында күнелтіп жатыр


Алматы облысында 190 жер телімі құлауы мүмкін. Оларды «Қазселденқорғау» қызметкерлері қауіпті аймақтардың тізіміне енгізіп, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ақпанның аяғында аяқасты жар құлап, топырақ басып қалған Бесағаштағы екі үйдің жағдайы әлі ретке келмеген. Себебі қабақты тегістеуі керек болған мердігерлердің биікке шығуға батылы бармаған.



«Тендердің нәтижесі шықты, ұтқан мердігер компания жұмыс істемейді. Ол істемеген соң, заң тарапына екінші рет беруіміз керек. Одан кейін тұрған 12 адам қатысты тендерге. Жерді 2006-2007 де жер қылдырып шығарып сатқан. Жауапкершілік бірінші кезекте үй салғызып рұқсат берген ГАСК деген компания бар, архитектура бар», – деді Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жүнісов.



Ал жұмысымды бастағалы бір жыл ғана болған Бесағаш әкімі апатты жер телімдері бұрын сатылғанын алға тартты. Ал бұдан былай таулы аймақта жер телімін беруге рұқсат берілмейді.


«Әуелі құлаған топырақты реттесе, содан кейін үйді жөндеп беретінін айтты. Үйге қалай кіреміз, білмеймін?» – деді зардап шегуші Бақыт Орынтайқызы.


Ал топырақ опырылған аймақта тағы 18 үйге де қауіп барын мамандар ашық айтып отыр. Өйткені кей тұрғындар жер учаскелірін кеңейту мақсатында жыраларды жасанды топырақпен толтырып, үй салған көрінеді.



«Таулы аймақ болған соң жаңбыр көп жауады. Сол кезде қауіп те күшейеді. Әрине жауапкершілік болуы керек. Бірақ көп адам бұндай қауіптің барын білмейді. Осы жерді сатып алғанда ескертіп, ешкім де түсіндірмеді», – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Баянсұлу Қараманова.



«Талғар ауданына келетін болсақ 43 опырылу қауіпі бар участок бар. Соның біреуі – Бурабай шағынауданындағы Баянауыл көшесі. 2018 жылы Көлсай көлдерінде, 2017 жылы Талғар қаласының Түйетау аймағында апаты жағдай орын алған», – деді «Қазселденқорғау» ММ Талғар өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы Махамедин Беделбеков.


Топырақтан зардап шеккен екі отбасы да қазір жамау-жамау үйдің бір бұрышында күнелтіп жатыр. Кейбірі уақытша пәтер жалдап қалаға кетіпті. Ал апатты аймақта алдын-алу жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшылар бүгін-ертең бітпейтінін ашып айтты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32