Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қаб...

Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Әлеумет 07.05.2024, 06:19 1,340
Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өңірдегі полиция қызметкерлерін ерлігі, мінсіз қызметі мен адалдығы үшін марапаттау рәсімі өтті


Ішкі істер органдарының даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл күн қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктерінің шежіресін де, Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын да білдіреді. Бабаларымыздың ерлігі даңқты Жеңістің ұлы мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады», – деді департамент бастығы Бауыржан Әленов.



Сондай-ақ іс-шарада ішкі істер органдарына қызметке жаңадан келген 20 тағылымдамадан өтуші өзінің қызметтік борышына, Қазақстан Республикасы мен оның халқына адал болуға ант берді. Ант қабылдағаннан кейін барлық жас қызметкерлерді тәлімгерлер кеңесінің төрағасы  Сағатбек Нұрахметов алғашқы офицерлік шендерін алуларымен құттықтады.



«Ант өмірді бұрынғы және кейінгі деп екіге бөледі. Осы сәттен бастап әрқайсыңыз бүгінгі айтылған сөздер өмірлік ұстанымға айналуы үшін өмір сүруге міндеттісіздер. Сіздер өз әріптестеріңіздің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Отан азаттығы үшін жанын қиған жауынгерлер мен қолбасшылар алдында елге, халыққа адал қызмет етуге, Қазақстан заңдары мен халқын қорғауға ант бердіңіздер. Әрқайсыларыңыз ата-бабаларыңызды еске алуға лайық болатындарыңызға сенімдімін», – деді С. Нұрахметов жас қызметкерлерге.



Ішкі істер органдарында ант қабылдау жай ғана дәстүр емес, ол қоғам мен мемлекетке қызмет ету идеологиясының негізі болып табылады. – Жас мамандар ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған полиция қызметкерлерінің ұстанымдарын ерлікпен жалғастырып, сынақтардан абыроймен өтіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқаратынына сенімдімін, – деп атап өтті Б. Әленов. Саптық аланда салтанатты шерумен өткен Алматы облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын екендіктерін көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #олиция қызметкерлері #Ант қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Бүгін 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика