Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы облысында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны...

Алматы облысында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Білім және ғылым 31.07.2025, 10:53 602
Алматы облысында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайғанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жұмыс орындарын құру Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Инвестициялық навигаторда сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген, олар бойынша 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Өңірлік карта аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында 2820 тұрақты жұмыс орны құрылады. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450 астам жұмыс орны ашылады.

«Абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді»,

— деді Марат Сұлтанғазиев. Әкім жұмыссыздар бойынша жұмыс нарықтың қажеттілігіне назар аудара отырып жүргізіліп жатқанын айтты. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Негізгі бөлігі тәжірибе арқылы дағдыларды меңгере отырып, кәсіпорындар жанында оқытылуда. Сонымен қатар онлайн-оқытудан 5,2 мың адам өтіп, жаңа құзыреттерге иеленді. Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру үшін бірқатар Цифрлық жобалар іске асырылуда. Студенттерге тәжірибе орындарын іріктеуге және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде таңдауға арналған «Өдірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. «Мансап компасы» және «Enbek.kz» құралдары белсенді жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #мектеп #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика