AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында 19 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

Алматы облысында 19 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

Заң мен тəртіп 03.03.2026, 16:41 522
Алматы облысында 19 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді
depositphotos.com

Алматы облысының прокуратурасы шамамен жиырма жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтауды қамтамасыз етті. Нәтижесінде қылмысқа қатысқандар анықталып, сотталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
 
Істің мән-жайы:
 
2006 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында үш адам такси жүргізушісі ретінде Қырғыз Республикасының азаматшасын автокөлікке отырғызған. Әйел адам буындырылып өлтірілген, оның жеке заттары ұрланған, ал мәйіті «Алматы – Қапшағай» тасжолына тасталған.
 
2007 жылы екі сыбайлас сотталған, алайда үшінші тұлғаға қатысты іс жүргізу тоқтатылған. Қылмыстық іс мұрағатта болған және талаптарға қайшы түрде өткен жылдардағы ашылмаған кісі өлтірулер тізіміне енгізілмеген.
 
Прокурорлық қадағалаудың рөлі:
 
Бұл жасырын қылмысты анықтау Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері Аида Иманалиева мен Алия Сарсекеева жүргізген мұқият талдамалық жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Өткен жылдардағы істерге жүргізілген мониторинг барысында олар негізсіз тоқтатылған іс жүргізуді және қылмыскерді іздестіруге тиісті бақылаудың болмағанын анықтады.
 
Прокуратура қызметкерлері деректер базаларына жан-жақты салыстыру жүргізіп, қосымша мәліметтер сұрату арқылы күдікті «К»-ның Қарасай ауданында нақты орналасқан жерін анықтады.

«Иманалиева мен Сарсекееваның бастамашылығы мен кәсібилігінің арқасында әділдік қалпына келтірілді. Олар тергеу органдарына нақты нұсқаулар беріп, тергеу барысын ерекше бақылауға алды», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

2025 жылғы 9 шілдеде күдікті ұсталды. Дәлелдемелер жиналғаннан кейін іс сотқа жолданды.

2026 жылғы 24 ақпанда сот айыптау үкімін шығарып, кінәлі 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:07

Баспана, әлеуметтік қолдау және көлік: Алматы әкімінің қабылдауында тұрғындар қандай жайттарды көтерді

Кеше 20:11

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларымен танысты

Кеше 19:15

Алматыда кітапқұмар отбасылар бас қосты: №219 мектептегі ерекше күн

Кеше 18:48

Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды

Кеше 18:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);