AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы» неше миллионға сатылады?

«Алматы» неше миллионға сатылады?

Әлеумет 23.01.2024, 09:27 1,169
«Алматы» неше миллионға сатылады?
Сурет: Sxodim.com

Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаева/Исабаеваға «тиесілі» Алматы театры сатылымға шықты.


ҚазТАГ мәліметіне сай, театр өкілі бұл ақпаратты растай алмады және бұл сауалға кімнің нақты жауап бере алатынын да ашық айтпай отыр.



«Орталық Азия мәдениет пен өнерді қолдау қоры» өнерге деген қызығушылығынан айырылды. Тіпті, жоспарланған қаржыландыру да тоқтатылған. Соңғы дерек бойынша қазір оларда қатаң тексеру жүріп жатыр. «Шабыт» университетіндегі «шиеленістен» соң Айман Мұсаходжаева өз еркімен қызметінен кетті. Одан соң хореография академиясында аудит жүргізілді, бірақ ши шықпады. Қазір Құрманбаеваның «басқан ізін» тергелуде», – дейді дереккөз.



Қазір Алматы театрының бірінші директоры – Шалбаев Ерсұлтан Мырзаханұлы. Kompra сервисіндегі ақпарат бойынша ол 25 жаста. Театр Алматының орталығындағы әл-Фараби даңғылында, Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан.


Ашық дерекке сәйкес, 2023 жылдың ақпанында Шалбаев Алматы театрының басшысы болған Диана Асқарқызы Заированың орнын басқан. Ал Заирова мен Құрманбаева аралас-құралас болғаны анықталды. Назарбаевтың екінші әйелі Заирова негізін қалаған «ATBco» ЖШС-ін басқарған. Ең қызығы, «ATBco» клиенттерінің қатарына жоғарыда аталған Хореография академиясы кіреді. Сонымен қатар Заирова «Орталық Азия мәдениет пен өнерді қолдау» қорын басқарды.



«Театр «Халық банкінің» меншігіндегі жерге салынды, Назарбаев театрды салуды Тимур Құлыбаевқа (экс-президенттің күйеу баласы ) тапсырған болуы мүмкін және ол оны өзі басқаратын «Базис-А» көмегімен салды. Бірақ Назарбаевқа театрдың құны 50 миллион доллар тұратынын айтқан, шын мәнінде оның құны 10 миллион доллардан аспауы мүмкін» делінген деректерде.



16 қаңтарда белгілі қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаева Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) ректоры қызметінен кетті, сонымен қатар университет басшылығы ауысты. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында да кадрлық ауыс-түйіс күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін экс президенттің «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарық көрді. Мұнда Назарбаев екінші әйелі мен екі баласы барын ашық жазған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика