Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы музейлері мәдени мұраны сақтаудың халықарал...

Алматы музейлері мәдени мұраны сақтаудың халықаралық стандартын енгізіп жатыр

Барлығы 08.01.2026, 12:09 312
Алматы музейлері мәдени мұраны сақтаудың халықаралық стандартын енгізіп жатыр
Cурет: Алматы қаласы мәдениет басқармасы

Музей саласын дамыту және халықаралық стандарт енгізу аясында Алматы қаласы музейлері бірлестігінің қызметкерлері Корея Республикасының Сеул және Кёнджу қалаларының жетекші музейлерінде кәсіби біліктілігін арттырудан өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы Сеул қаласы музейлері бірлестігі тарапынан тегін негізде жүзеге асырылып, мәдениет пен музей ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болды.

Оқу бағдарламасы заманауи музей қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, экспонаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде қолайлы климаттық жағдайды (температура, ылғалдылық, жарық) бақылап, реттеу, реставрация және консервация жұмыстарын жүргізу, тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақталуын қадағалау бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды қамтыды.

Тағылымдама аясында Музей қызметкерлері Сеул және Кенджу қалаларының жетекші музейлерінің жұмыс тәжірибесімен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, Кореяның Ұлттық музейі, Корея Ұлттық фольклор музейі, Сеул қаласы тарихы музейі, Сеул қолөнер өнер музейі, Седжон патша музейі, Адмирал Ли Сунсин музейі, Кореяның Ұлттық сарай музейі, Кенджу Ұлттық музейі, Кенджу Ұлттық паркі, Кенбоккун сарайы, Чхонгечхон музейі, Ханяндосон бекініс-қамалы музейі. 

Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген ашық аспан астындағы Кенджу археологиялық кешенінің қызметімен танысып, озық тәжірибелерін зерделеді. 

Айта кетейік, 2022 жылы Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Сеул қаласы тарихы музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы келісім аясында 2022 жылы Сеул қаласы тарихы музейінде Алматы музейінің «Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі, ал 2024 жылы Алматы қаласында Сеул қаласы тарихы музейінің «Сеул ғажайыптары» көрмесі ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы музелері #мәдени мұра #халықаралық стандарттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі