AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы музейінде Сеул тарихын бейнелейтін көрме аш...

Алматы музейінде Сеул тарихын бейнелейтін көрме ашылды

Мәдениет 01.07.2024, 09:41 875 Almaty-akshamy.kz. 
Алматы музейінде Сеул тарихын бейнелейтін көрме ашылды
Алматы музейі

Қазақстанда алғаш рет Сеул тарихы музейінің коллекциясынан 100-ден астам бірегей экспонат қойылды. Бұл экспонаттардың барлығы Алматы музейіне келушілердің назарына «Сеул ғажайыптары» көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Экспонаттар Корея Республикасының тарихын, мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді. Одан бөлек, көрмеге келушілер XIV ғасырдан XIX ғасырға дейін Корея елін басқарған Чосон әулетінің киімдері мен аксессуарларын, тұрмыстық заттарын, тарихи құжаттары мен үйіндегі интерьерін көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ель мемлекеттік сапармен келген болатын. «Сеул ғажайыптары» көрмесі екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында ұйымдастырылған алғашқы бірлескен мәдени жоба болып табылады.

«Біздің Қазақстанға сапарымыздың мақсаты - Корея Республикасының мәдениетін көрсету. Корей халқының ғасырлар бойғы тарихымен таныстыру үшін бірегей экспонаттар алып келдік. Бұл іс-шара аясында қазақстандықтардың Сеулге келуге деген қызығушылығы артады деп сенеміз. Сеулге келіп, қаламыздың тарихи-туристік орындармен танысуға шақырамыз», - деді Сеул тарихы музейінің директоры Чой Бён Гу.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылдың желтоқсанында Сеул тарихы музейінде, яғни Кореяда Алматы музейі көрме ұйымдастырған болатын.

Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы  Пак Нэчон «Сеул ғажайыптары» көрмесінің ашылуы екі мемлекет арасындағы жарқын іс-шаралардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Көрме алматылықтар мен қала қонақтары үшін 2024 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады. Корея мәдениетімен танысу үшін Қабанбай батыр көшесі, 132 мекенжайында орналасқан Алматы музейіне келіңіздер. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #корея #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);