AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмес...

Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды

Барлығы 30.01.2026, 17:37 771
Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы музейінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Көрмеде Алматы музейі мен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар мен фотосуреттер, 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылды.  

Әсіресе, қазақ театр өнерінің көрнекті майталмандары киген сахналық костюмдер ерекше назарда. Атап айтқанда, А.Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Ш.Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы, З.Шәріпованың «Отелло» спектаклінде Дездемона рөлінде киген, сондай-ақ Т.Жаманқұловтың Абылай хан бейнесіндегі сахналық киімдері және басқа да құнды экспонаттар көрмеге қойылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ғасырлық тарихы бар ұлттық театрдың шығармашылық жолын кеңінен насихаттау, көрерменді қазақ театр өнерінің даму кезеңдерімен таныстыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғасыр жасаған ұлт театры #Көрме #Алматы музейі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Гүл шоқтары мен ерекше сый-құрмет: Алматы Энрике Иглесиасты қалай қарсы алды

Бүгін 22:18

«Алматы, сені сүйемін!»: Энрике Иглесиас жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты

Бүгін 22:16

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті басталды

Бүгін 21:28

Энрике Иглесиас концерті алдында Тазабек көрермендерді тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 20:44

Лос-Анджелестен Алматыға: Энрике Иглесиастың жанкүйері кумирін көру үшін арнайы ұшып келді

Бүгін 18:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);